АҚШ Кашмирдегі шабуылға жауапты топты «террорист» деп жариялады
Сәуір айындағы шабуыл Үндістан мен Пәкістан арасында қақтығыс тудырды.
АҚШ Кашмирдегі шабуылға жауапты топты «террорист» деп жариялады
/ AP
18 Шілде 2025

АҚШ сәуір айында Үндістан бақылауындағы Кашмирде ұйымдастырылған және ең ауқымды Үндістан-Пәкістан қақтығысына себеп болған шабуылдың жауапкершілігін жасырын бір топқа жүктеп, оны «террорист» деп жариялады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио «The Resistance Front» тобын БҰҰ тарапынан «террорист» деп танылған «Lashkar-e-Taiba» ұйымының «жетекшісі және өкілі» деп сипаттады.

Рубио мәлімдемесінде «лаңкестік» танымы Трамп әкімшілігінің ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, терроризмге қарсы күресу және Пахалгам шабуылы үшін әділдікті орнату ұмтылысын көрсетеді»,- деді.
Сәуір айында Пахалгамда ұйымдастырылған шабуылда 26 адам қаза тапқан еді. Олардың басым бөлігі үндістер болатын.

Растау

Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманьям Джайшанкар Вашингтонның шешімін өзінің «X» әлеуметтік парақшасында жариялады. Жазбада «Үндістан мен АҚШ терроризмге қарсы ынтымақтастықтың мықты дәлелі» делінген.

Бастапқыда Пахалгам шабуылының жауапкершілігін өз мойнына алған «The Resistance Front» тобы туралы ақпарат өте аз болатын.
Алайда қоғамдық сын күшейген сайын топ шабуылға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алды.

Пахалгамдағы зорлық-зомбылық 1999 жылдан бергі екі ел арасындағы ең ауқымды қақтығысқа айналды және екі жақтан 70-тен астам адамның өмірін қиған төрт күндік қақтығысқа себеп болды.

Қақтығыс кезінде Пәкістан «Rafale» жойғыш ұшақтарын қоса алғанда, бірнеше Үндістан ұшағын атып түсірді.

Кашмир мәселесі

Үндістан бақылауындағы Кашмирдегі көтерісшілер 1989 жылдан бері Жаңа Дели билігіне қарсы күрес жүргізіп келеді. Көптеген мұсылман кашмирлік бұл өңірдің не Пәкістан құрамына қосылуын, не дербес мемлекет ретінде тәуелсіз болуын қалайды.

Үндістан Кашмирдегі бұл көтерілісті «Пәкістан қолдаған терроризм» деп сипаттады. Алайда бұл айыптауды Пәкістан да, көптеген кашмирлік те жоққа шығарды. Олар бұл күресті бостандық үшін соғыс деп есептейді. Қақтығыстарда он мыңдаған бейбіт тұрғын мен көтерілісші қаза тапты.

Ал Пәкістан Кашмир халқының БҰҰ бақылауымен референдум өткізу туралы талабын «тек саяси, моральдық және дипломатиялық тұрғыдан қолдайтынын» мәлімдеді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us