АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
АҚШ-тың Әділет департаменті екі Қытай азаматының Бейжің үшін құпия агент ретінде жұмыс істегенін және АҚШ әскери қызметкерлерін нысанаға алып, құпия ақпаратты алуға тырысқанын мәлімдеді.
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
/ REUTERS
2 Шілде 2025

АҚШ Әділет департаменті екі қытайлық азаматты Қытай үкіметінің заңсыз агенті ретінде әрекет етті деп айыптады.

Департаменттің сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде аталған азаматтардың АҚШ әскери қызметкерлерінен ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәліметтерді алуға тырысқаны хабарланды.

Юанцэ Чэнь (38 жаста) және Лирен “Райан” Лай (39 жаста) атты күдіктілер жұма күні тұтқындалып, дүйсенбі күні алғаш рет Хьюстон (Техас) және Портленд (Орегон) қалаларындағы сот алдына шығарылды.

Олар Қытайдың басты азаматтық барлау агенттігі Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі атынан АҚШ аумағында құпия барлау операцияларын жүргізді деп айыпталуда.

Прокурорлардың айтуынша, Чэнь мен Лай АҚШ әскери күштеріне қатысты құпия ақпаратты жинауға, Әскери-теңіз күштері туралы барлау мәліметтерін алуға, сондай-ақ әскери қызметкерлерді Қытай барлау әрекеттеріне көмектесу үшін жұмысқа алуға тырысқан.

«Қауіпсіздікті бұзуға бағытталған агрессивті әрекеттер»

Бас прокурор Памела Бонди бұл істі Пекиннің АҚШ қорғанысын іштен әлсіретуге бағытталған кең ауқымды стратегиясының бір бөлігі ретінде сипаттады. Бонди мәлімдемесінде: «Бұл іс Қытай үкіметінің армиямыздың ішіне жасырын кіріп, ұлттық қауіпсіздігімізді іштен әлсіретуге деген тұрақты әрі агрессивті талпынысын көрсетеді»,-деді.

Федералдық тергеу бюросының директоры Каш Пател Әділет департаментінің алаңдаушылықтарын қайталап, агенттіктің АҚШ-қа бағытталған шетелдік барлауды болдырмау әрекеттерін атап өтті.
Пател: «Қытайдың шекараларымызға енуге бағытталған әрекеттеріне қарсы елімізді мұқият қорғауды жалғастырамыз»,-деп қосты. Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі әзірге жауап берген жоқ.

 

 

Іздеу
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Илон Масктың «Starlink» компаниясы Шри-Ланкада интернет қызметін іске қосты
Түркия экспортта тағы бір табысқа жетті
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
Трамптың 9 шілдедегі тарифтері күшіне енбей тұрып, елдер сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр
Пәкістан мен Үндістанда муссон жаңбырлары мен кенеттен болған сел салдарынан 73 адам қаза тапты
Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Қытай Коммунистік партиясының мүшелер саны 100 миллионнан асты
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Түркия орман өртімен күресуде
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us