Том Барак cұхбатында АҚШ-тың Сириядағы әскери әрекеттерін азайтып, соңында бір ғана базаны қалдырып, қалған базалардың барлығын жабу процесін бастағанын хабарлады.
Сирия режимін ұзақ жылдар басқарып келген Башар Асад биліктен кеткеннен алты ай өткен соң АҚШ 2014 жылы ДАИШ террористік ұйымына қарсы күрес мақсатында бастаған «Табиғи шешім операциясы» аясындағы әскери әрекеттерді кезең-кезеңмен қысқартуда. АҚШ-тың Сирия бойынша арнайы өкілі Том Барак дүйсенбі кешінде “NTV” арнасына берген сұхбатында: « Табиғи шешім операциясы аясындағы әскери әрекеттер азайтылып жатыр», -деді.
«Сегіз базадан бес, кейін үш база қалдырдық. Соңында бір ғана база қалмақ», -деп қосты ол.
Алайда Барак желтоқсан айында Асадты құлатқан коалицияның басшысы Ахмед әл-Шараның уақытша әкімшілігі астындағы Сирия әлі де елеулі қауіпсіздік мәселелеріне тап болып отырғанын мойындады.
Асадтың құлатылуы Сириядағы 14 жылға созылған қанды азаматтық соғысты тоқтатқанымен, жаңа билік соңғы кезеңдегі діни алауыздыққа байланысты зорлық-зомбылықты шектеуде қиналып отыр.
Қиындықтарға қарамастан Сирия табысқа жетеді
АҚШ елшісі де болып табылатын Том Барак елдің этникалық және діни топтарын «бірігуге» шақырып, былай деді: «Әлі де тайпалық құрылым басым. Оларды біріктіру оңай емес, бірақ мен бұл ақырында іске асады деп сенемін.»
Пентагон сәуір айында жасаған мәлімдемесінде алдағы айларда Сириядағы әскер санын екі есеге қысқартып, бұл санның 1 000-нан аз болатытын хабарлаған еді. Мәлімдемеде ДАИШ қалдықтары «қалдық деңгейіне» дейін азайтылғаны айтылды.
Анкара болса Сириядағы АҚШ базаларын сынға алып, Вашингтонды заңсыз әрекет етуші PKK-ның Сириядағы тармағы YPG террористік ұйымына көмектесті және қорғады деп айыптаған болатын.