«TRT World» арнасы «Telly Awards 2025» байқауында «Халыққа қызмет көрсету және белсенділік» санатында «Құқықықтарынан айрылған америкалықтар» телехикаясымен күміс жүлдені жеңіп алды.
Телехикая өзінің әсерлі баяндауымен және шынайы куәгерлерімен Пуэрто-Рикодан жергілікті резервацияларға, тіпті Вашингтонға дейін дауыс беру құқығынан айрылған миллиондаған америкалыққа назарын аударады.
«Вашингтондағы командамыздың және Стамбулдағы әріптестеріміздің мықты қолдауымен жобамыздың тағы да мойындалғанына қуаныштымын», - деді TRT-нің АҚШ-тағы бюросының басшысы Энес Адлы.
Адлы команда мүшелерінің қажымас күш-жігері мен шығармашылық көзқарасын атап өтіп, «Бұл олардың әсерлі сюжетті баяндаудағы еңбегінің мойындалуы», - деді.
2024 жылғы АҚШ президенттік сайлауы кезінде «TRT World» арнасының «YouTube», «TikTok», «Facebook», «Instagram» және «X» сияқты әлеуметтік желілерде жарияланған үш бөлімнен тұратын веб-телехикаясы көрермендер назарын аударды және қоғамдық пікір тудырды.
«Телехикая түпнұсқа ақпарат пен оқиға орнынан алынған сұқбаттар арқылы Америкадағы президент немесе Конгресс үшін дауыс беру құқығынан айрылған әртүрлі топтар туралы баяндайды. Мақсат - жаһандық цифрлық аудитория үшін саяси шектеуді көрсету», - деді «TRT World»-тың атқарушы продюсері Баба Умар.
«Құқықтарынан айрылған америкалықтар» - «TRT World» арнасының ақпаратты платформада жариялау және назар аударуды қажет ететін оқиғаларды баяндау жөніндегі кең ауқымды міндеттемесінің бір бөлігі.
Жаһандық видео және телевизияның маңызды марапаты «Telly» 46-шы жеңімпаздарын жариялады. Биыл бұл байқауға бүкіл әлемнен 13 000-нан астам өтінім түкеліп түскен.
Осы жылдың тақырыбы - «Хикаялар қалыптасады». «Telly Awards» бас менеджері Аманда Нидхэм «Биылғы өтінімдер мені таң қалдырды», - деді.