Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған шығыстар туралы заң жобасын “масқара” деп сипаттады. Бұл технологиялық миллиардер Ақ Үйден кеткеннен кейін екеуінің арасындағы шиеленіс күшейгенін анық көрсетті.
Маск сейсенбі күні “X” платформасында “Өкінішке қарай мен бұған енді шыдай алмаймын. Бұл ауқымды, жанжалды Конгресс шығыстары туралы заң жобасы жиіркенішті, масқара. Бұған дауыс бергендер ұялуы керек, қателескендеріңді білесіңдер”, - деп жазды. Бұл Трамптың шығыс жоспарларына қатысты ең қатал сын болды.
Салықты қысқарту, қорғаныс шығындарын ұлғайту және қосымша қарыз алуды қамтитын заң жобасын мамыр айында Өкілдер палатасы қабылдаған болатын.
Маск өткен апта мемлекеттік қызметтен кетті. Трамп оны федералды шығындарды қысқарту бағдарламасына жетекшілік еткені үшін мақтаған болатын, бірақ біраз уақыттан бері екеуінің арасындағы келіспеушіліктер ұлғайған болатын.
Бұл Масктың Трамп “ауқымды, әдемі заң жобасы” деп атап, денсаулық сақтау және азық-түлік көмек бағдарламаларының терең қысқаруына қарамастан, АҚШ бюджетінің тапшылығына 10 жыл ішінде 3 триллион доллар қосады деп күтілген заң жобасына қатысты алғашқы пікірі емес.
Бірақ Масктың бұрынғы сыны мұндай қатал емес еді. Трамптың Үкімет тиімділігі департаменті (DOGE) жұмыс тобының бұрынғы басшысы бұл заң жобасы тек шығындарды қысқарту әрекеттеріне нұқсан келтіретінін айтты.
Ол сейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Конгресс тарапынан қарастырылған заң жобасы “азаматтарға тұрақсыз қарыз ауыртпалығы әкеледі”,- деді.
Бұл сын Ақ Үй мен Маск арасындағы дұшпандықтың өршігенін көрсетеді. Трамптың науқанына шамамен 300 миллион доллар берген болатын, бірақ кейін Маск бұған өкінетінін айтты.
“Бұл ауқымды, әдемі заң жобасы және президент оны қолдайды”, - деп қосты ол.
Дүние жүзіндегі ең бай адам Маск шығындарды қысқарту жөніндегі басшылық қызметінен кеткен кезде Трамппен қарым-қатынастары жақсы еді. Трамп миллиардер әріптесінің «керемет қызметін» мақтаған болатын.
Ажырамас жұп
Трамп Оңтүстік Африка тумасы Масктың “нақты кетпейтінін”айтқан болатын.
Маск бір кездері Трамптың қасынан қалмайтын. “Air Force One”, “Marine One”, Ақ Үй және Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго курортында үнемі жанында болды.
Оңшыл бизнесменнің “DOGE”командасы федералды үкіметте идеологиялық шабуылға көшбасшы болды. Жас “технология мамандары” он мыңдаған жұмыс орнын қысқартып, кейбір агенттіктерді жауып тастады.
Бірақ “DOGE”-нің жетістіктері Масктың 2 триллион доллар үнемдеу мақсатына жетпей қалды.
“DOGE” веб-сайты салық төлеушілерге 2 триллион доллардың 175 миллиард долларын яғни 8 пайызын үнемдеді деп мәлімдеді. Алайда бұрынғы елеулі бухгалтерия қателіктеріне байланысты бұл шағым фактчекинг агенттіктері тарапынан күмән тудырды.
Алайда үкіметтік емес «Musk Watch DOGE Tracker» растаған көрсеткіш 16 миллиард доллар деп көрсетілген мақсаттың 1 пайызынан аз.
“Tesla” акционерлері сатылым күрт төмендеп, электромобиль өндірушісіне наразылықтар көбейген сайын Масктың жұмысқа қайта оралуын талап етті. Ал “SpaceX” бірқатар техникалық ақауларға ұшырады.