Еуропалық аэроғарыш компаниялары «Airbus», «Thales» және «Leonardo” өздерінің спутник бизнесін біріктіру мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар Еуропалық комиссияның күн тәртібіне сәйкес, сәрсенбі күні ЕО-ның монополияға қарсы істер жөніндегі басшысы Тереса Риберамен кездеседі.
Үш компанияның бірлескен ғарыш компаниясын құруға қатысты жоспарлары Илон Масктың «Starlink» жобасымен бәсекелес болуға бағытталған.
Олар қазіргі уақытта ЕО-ның монополияға қарсы шенеуніктерімен алдын ала келіссөздер жүргізуде, бұл - әдетте бірігу келісімдерін мақұлдау туралы ресми өтініш беруден бұрын жасалатын қадам.
«Reuters» агенттігіне бір дереккөздің білдіруінше, бұл келіссөздер әлі бастапқы кезеңде және бұл процесс келесі жылға дейін айтарлықтай нәтиже бермейді.
Әдетте бас директорлар ЕО-ның бәсекелестік басшысымен кездесіп, өз келісімдері туралы ақпарат береді және процестегі ықтимал кедергілерді, мысалы монополияға қарсы мәселелерді шешуге арналған шараларды талқылайды.