5 Маусым 2025
Түркия мен Иран президенттері екіжақты қарым-қатынастар жөнінде телефон арқылы сөйлесті.
Түркия Президентінің аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Иран Президенті Масуд Пезешкиян сәрсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, өңірлік және жаһандық оқиғалармен қатар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды талқылады.
Сұхбат барысында Президент Ердоған алдағы кезеңде Түркия мен Иран арасындағы байланыстарды институционалдық деңгейде күшейтуге ниетті екенін атап өтті.
Сондай-ақ Түркия Президенті Құрбан айт мерекесіне орай Президент Пезешкиянды құттықтады.