Кездесуге Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бастаған америкалық делегация, Украина Қорғаныс министрі Рустем Умеров жетекшілік ететін украин делегациясы және Ресей Президенті Владимир Путиннің кеңесшісі Владимир Мединский басқаратын ресейлік делегация қатысады.
Украина Президенті Владимир Зеленский бейбіт келіссөздерге қатысу үшін ресми делегация құру жөнінде жарлық жариялады. Түркия, Ресей және АҚШ өкілдерімен кездесу жоспарланған делегацияны Қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады.
Стамбулда өтетін кездесуге Украина тарапынан жоғары деңгейдегі ресми тұлғалар қатысады. Делегация құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергий Кислиця, Украина Қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Сыртқы барлау қызметі төрағасының орынбасары Олег Луховский, Бас штаб бастығының орынбасары Алексей Шевченко, Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасы төрағасының орынбасары Вадим Скибицкий бар.
Сондай-ақ кездесуге Әуе күштері қолбасшылығы штабы бастығының орынбасары Евгений Шинкарев, Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы штабы бастығының орынбасары Александр Дьяков, Украина Қарулы күштері Бас штабының Орталық құқық департаменті жанындағы халықаралық және операциялық құқық бөлімінің басшысы Алексей Маловатский, Бас операциялық басқарманың аға офицері Александр Шерихов, Қарулы күштердің Бас қолбасшысы кеңсесінің протокол офицері Георгий Кузьмичев және Украина Президенті кеңсесінің бас кеңесшісі Александр Бевз қатысады.
Владимир Мединский басқаратын Ресей делегациясының құрамына Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Бас штабының Бас барлау басқармасы директоры Игорь Костюков және Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин кіреді.
Сонымен қатар делегацияда Ресей Бас штабының Ақпарат басқармасы бастығының орынбасары Александр Зорин, Ресей Президенті әкімшілігінің гуманитарлық салаға жауапты мемлекеттік саясат департаменті бастығының орынбасары Евгения Подобрееваская, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері жөніндегі екінші департаментінің директоры Александр Полищук және Ресей Қорғаныс министрлігінің Халықаралық Әскери ынтымақтастық бас басқармасы бастығының орынбасары Владимир Шевцов бар.