Кут әл-Амара: Осман империясы Британ империясына қарсы тұрды
ТҮРКИЯ
5 минут оқу
Кут әл-Амара: Осман империясы Британ империясына қарсы тұрды109 жыл бұрын қазіргі Ирак жеріндегі Кут әл-Амарада Осман күштері британ армиясын жеңіп, әлемді таң қалдырды. Бұл әскери жеңістен де артық, ол тойтарыстың, даңқтың және мәңгілік сенімнің символына айналды.
/ AA
8 Мамыр 2025

1916 жылғы 29 сәуірде Тигр өзенінің шаңды иінінде шаршаған әрі Османлы әскері Британ әскерін тарихындағы ең таңғаларлық жеңіліске ұшыратты. Ирактың Кут әл-Амара қаласында 147 күндік ауыр қоршаудан кейін, 13 мыңнан астам ағылшын әскер, оның ішінде 13 генерал мен 481 офицер, Османлы әскеріне берілді.

Бүгінде 109 жылдан кейін түрік ғалымдары мұны тек шайқас алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар құлдырауда деп есептелген империяның қарсылық, абырой және сенім символы ретінде есте сақтауға шақырады.

“Кут әл-Амара – мүмкін емес нәрсе мүмкін болған шайқас еді,” - дейді Памуккале университетінің тарихшысы, профессор Дурмуш Акалын. Акалын “TRT World” арнасына берген сұқбатында “Бұл жерде жеңілмейтін болып көрінгендер мықты қарудың күшімен емес, табандылық пен сенімнен жеңілді. Османлы сарбазы тек мылтықпен емес, жанының күшімен шайқасты,” деді.

Батыс билігіндегі әлем

Кут шайқасының ауқымын түсіну үшін 1914 жылғы геосаяси картаны білу керек. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде, әлемнің 84 пайызы Батыс отаршылығының астында болды. Оның басым бөлігін сол дәуірдің ең мықты державасы Британ империясы бақылап отырды.

Мемиш Окуюджу TRT World-ке берген сұқбатында “Қазіргі батыс өркениеті шығыстан алынған қан мен көз жастың арқасында қалыптасты.” деді.

Британияның мүдделері тек саяси емес, сонымен қатар өнеркәсіптік саланы қамтыды. “Қара алтын” деп аталған мұнай империялық стратегия үшін маңызды болған Османлы Таяу Шығысы, әсіресе Ирак басты нысанаға айналды.

“Британияның мақсаты Османлы империясымен одақтасу емес, оны бөліп, Таяу Шығыстың мұнайға бай жерлерін басып алу болды,” дейді Окуюджу. “Олар Османдықтарды серіктес ретінде емес, бөлшектеп, қарусыздандырып, жойылған күйде көргісі келді.” деді ол.

Османлының тойтарыс күші

Бірақ Османдықтар көп жылғы қақтығыстардан тозғанымен, сынған жоқ еді.

Акалын Осман империясының Балқан соғысы, Триполи соғысы және 93 соғысы сияқты үлкен шығынға ұшырағанын жиі ұмытатынымызды еске сала отырып, «Алайда Чанаккаледе және Кутта жаңа рухтың қайта жаңғырғанын көрдік» деді.

Сүлейман Аскери бей, Сақалды Нуреттин паша, Али Ихсан Сабис паша және Халил Кут паша сияқты қолбасшылар британдықтардың алға жылжуын тоқтату үшін күштерді жинады. Бағдадтың 24 км оңтүстігіндегі Селман-и Пакта ағылшындарды тоқтатып, Кут әл-Амарада жауды қоршауға алды.

“Түрік сарбазы тек бұйрықпен емес, миссия сезімімен шайқасты. Ол тек аумақты емес, абыройды, егемендікті және тарихты қорғап жатқанын білді,” деп айтады Окуюджу.

1915 жылғы 27 желтоқсанда Кут қоршауы басталды. Бес ай бойы Османлы әскерлері қаланы қоршауда ұстап, британдықтардың барлық көмек көрсету әрекеттерін тойтарды.

“Бізге параның қажеті жоқ”

Аштық британдық күштерді қыспаққа алған кезде, олардың қолбасшысы генерал Тауншенд келіссөздер жүргізуге тырысты. Алдымен ол қауіпсіз өту үшін бір миллион британдық алтын ұсынды. Содан кейін бұл соманы екі есе көбейтті. Бірақ ешбірі қабылданбады.

Бұл соғыстың олжа жинаудан гөрі абырой күресі екенін айтқан Окуюджу Халил пашаның “Біз мұнда алтын үшін емес, отанымыз үшін келдік,” дегенін еске салады.

Акалын да Окуюжуны қолдап: «Бұл - Батыстың бар күшімен тізе бүккен тарихтағы сирек сәттердің бірі және бұл күшпен емес, жігермен жүзеге асты» деді.

Көмек үшін барлық әрекеті сәтсіз аяқталғанда ағылшындар өз оқ-дәрілерін жарып жіберді. 1916 жылғы 29 сәуірде генерал Тауншенд берілген кезде Халил пашаға ұсынған жеке қылышы қайтарылды.

Бұл қимылдың тек сыпайылық емес екенін айтқан Акалын Османлының сонымен бірге абыроймен жеңіске жеткенін көрсететін мысал екенін білдірді. Айрықша профессор бұл қимылдың жауды қорлайтын емес, османдықтардың соғыста да моральдық үстемдік көрсеткенін атап айтты.

Әскерлердің сенімі

Кут Османдықтардың әскердің көп санымен немесе заманауи мықты қарумен емес, табандылық, төзімділік және сеніммен жеңген шайқасы болды.

“Жоғары қолбасшылықтан бастап, окоптағы қатардағы сарбазға дейін Османлы әскері сенімнің күшімен шайқасты,” дейді Акалын. Ол “Жеңілістің бірінен соң біріне ұшырағанына қарамастан, олар қайта тіктелді, тек жаулап алу үшін емес, аман қалу және мұра үшін.” деді.

Окуюджу бұл пікірді қолдайды: “Әр өркениет өз батырларының ерлігі арқылы құрылады. Ал Кут әл-Амарадағы батырларымыз артықшылықты адамдар емес еді—олар Анадолы, Сирия және Ирактың ұлдары еді. Олар аштыққа төтеп берген адал ‘түрік әскері’ болатын.”

“Бұл соғыс рухты қайта қалыптастырды. Әсіресе мұсылман әлемі үшін, бұл Османдықтардың әлі де құламағанын және рухани табандылықтың соғыста әлі де орны бар екенін көрсетті”, деп түсіндіреді Окуюджу.

Рухтың мұрасы

1917 жылы Ирак майданы ыдырап, Бағдад британдықтардың қол астына түссе де, Кут мұрасы әлі күнге дейін сақталады.

«Кут әл- Амара қарт арыстанның соңғы ақыруы болды» деген Акалын: «Бұл Осман империясының соңғы, шын жүректен шыққан тойтарысы болды және әскери тарихтағы ең батыл эпизодтардың бірі ретінде есте қалуға лайық» деді.

Окуюджу Куттағы жеңістің тек қана стратегиялық емес, мәдени жағына да тоқталып, «Бұл бір ұлттың шаршап, кедей болып, тіпті жараланып, алпауыттардың ерік-жігерімен күресе алатынын еске салды» дейді.

 Екі ғалымның ойынша, Кут маңызды болып қала береді

 Акалын: «Карталар қайта сызылып, күш ауысып жатқан заманда рухтың не істей алатынын ұмытпауымыз керек», - деп түйіндеді. «Кут  әл-Амара Османлы тарихындағы жай ғана бір бөлім емес, бұл халықтың тізе бүгуден бас тартқан кезде не болатынын дәлелдейді» деді ол.

 Абыройлы есім

 Кут  әл-Амара жеңісі Осман империясының соңғы ұлы әскери жеңістерінің бірі болып табылады. Бұл Еуропаның «ауру адамы» атанған империяның батылдық, сенімділік және стратегиялық данышпандық арқылы әлемдегі ең қуатты империяға қарсы шыққан сәті болды.

 Олардың қолбасшылары осы мұраның бір бөлігі ретінде естеліктерде ғана емес, есімдерінде де өз орнын алды. Куттағы басшылығына байланысты Халил пашаға 1934 жылғы Фамилия заңынан кейін Мұстафа Кемал Ататүрік тарапынан «Кут» тегі берілді. Сол сияқты Али Ихсан Паша сол кезеңдегі Сабис шайқасындағы маңызды рөлі үшін Али Ихсан Сабис деген есімді алды.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us