САЯСАТ
2 минут оқу
Тегеранның Хормуз бұғазын жабу ықтималы туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы өсті
АҚШ-тың Израильмен бірлесіп Иранды бомбалау жөніндегі шешімінен кейін мұнай бағасы күрт өсті. Бұл жағдай Тегеранның Хормуз бұғазын жабу туралы ескі ескертуін қайта күн тәртібіне әкелді.
Тегеранның Хормуз бұғазын жабу ықтималы туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы өсті
/ Reuters
11 сағат бұрын

АҚШ өткен демалыс күндері Иранның ядролық нысандарына әуе шабуылы жасағаннан кейін “Brent” және “WTI” маркалы мұнай бағасы төрт пайыздан астам көтеріліп, кейін біршама төмендеді. Бұл өсім аймақтағы жанжалдың кеңеюі және энергия тасымалының бұзылу қаупіне байланысты алаңдаушылықты арттырды.

Хормуз бұғазы тағы да қауіп астында

Мұнай бағасының күрт өсуі АҚШ пен Израильдің Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарына жасаған шабуылынан кейін тіркелді. Бұл жағдай әлемдік мұнайдың шамамен бестен бірі өтетін стратегиялық өткел саналатын Хормуз бұғазының жабылу мүмкіндігін қайта күн тәртібіне әкелді.

Иранның "Press TV" телеарнасы хабарлағандай, Иран парламенті бұғаздың жабылуын қолдайтын ұсынысты мақұлдаған. Алайда бұған дейін де осындай мәлімдемелер жасаған Тегеран бұл қадамға ешқашан нақты барған емес.

Сарапшылардың айтуынша, бұғаз толықтай жабылмаған күннің өзінде шиеленістің күшеюі мен теңіз жолдарына байланысты туындаған қауіптер жүк тасымалы мен сақтандыру шығындарының артуына әкеліп, аймақтан мұнай ағынына шектеу қоюы мүмкін.

“Sparta Commodities” компаниясының аға сарапшысы Джун Го: «Мұнай инфрақұрылымына зақым келу қаупі бірнеше есе артты. Тасымалдаушы компаниялар бұл аймақтан біртіндеп бас тарта бастайды», - деді.

“Goldman Sachs” Хормуз бұғазы жартылай жабылса, яғни мұнай ағыны бір ай бойы екі есеге қысқарса, “Brent” маркалы мұнай бағасы уақытша бір баррель үшін 110 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда банк қазіргі жағдайда мұндай ауқымды үзіліс бола қоймайды деп есептейді.

13 маусымда Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғалы бері “Brent” маркалы мұнай бағасы шамамен 13 пайыз, ал “WTI” 10 пайыз өсті.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us