Эль-Сальвадор президенті АҚШ азаматының түрмеде қорлық көргені туралы айыптауларды жоққа шығарды
Президент Букеле АҚШ сотында жасалған айыптаулардан кейін Килмар Абрего Гарсияның қамауда зорлық көргені туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Эль-Сальвадор президенті АҚШ азаматының түрмеде қорлық көргені туралы айыптауларды жоққа шығарды
/ Reuters
4 Шілде 2025

Эль-Сальвадор Президенті Наиб Букеле АҚШ-та қозғалған сот ісінде бұрынғы АҚШ тұрғыны Килмар Абрего Гарсияның жоғары қауіпсіздіктегі түрмеде соққыға жығылып, психологиялық азапқа ұшырағаны туралы мәлімдемелерін жоққа  шығарды.

Букеле X парақшасында Абрего Гарсияның "азапталмағанын, арықтамағанын" мәлімдеп, оның камерада түсірілген суреттері мен видеоларын жариялады.

"Егер ол шынымен азапталған, ұйқысыз және аш қалдырылған болса, неге барлық суретте мұнша жақсы көрінеді?" – деп жазды Букеле.

Президенттің бұл мәлімдемесі Абрего Гарсияның сәрсенбі күні АҚШ федералдық сотына берген шағымында көрген қысымдарын егжей-тегжейлі сипаттауынан кейін жасалды.

Килмар Абрего Гарсия Дональд Трамп әкімшілігі тарапынан 2024 жылы наурыз айында Эль-Сальвадорға жөнсіз депортацияланғаннан кейін елдің ең қатаң қауіпсіздік режиміндегі CECOT түрмесіне қамалғанын және ол жерде ауыр соққы, ұйқысыздық және психологиялық қысымға ұшырағанын айтты.

Абрего Гарсия өзі және тағы 20 адамның түн бойы тізерлеп отыруға мәжбүр болғанын, құлап қалған жағдайда соққыға жығылғанын баяндады. Сондай-ақ ол терезесіз, тәулік бойы шамы сөнбейтін, шамадан тыс адамдармен толтырылған камерада төсексіз темір керуеттерде ұсталатынын және санитарлық жағдайлардың өте нашар екенін жеткізді.

Абрего Гарсияның айтқандары Эль-Сальвадорда төтенше жағдай режимі кезінде ұсталған басқа тұтқындардың мәлімдемелерімен ұқсас. Бұл шара барысында ел халқының 1%-дан астамы қылмыстық топтарға қарсы күрес шеңберінде тұтқындалған болатын.

Мэрилендте тұрған Абрего Гарсия Трамп әкімшілігінің көші-қон саясаты кезінде ерекше назар аудартқан оқиғалардың бірі болды.

Оның жаңа мәлімдемелері жұбайы тарапынан Мэриленд федералдық сотына берілген шағымға қосымша тіркелді.

Трамп әкімшілігі бұл істің енді жарамсыз екенін алға тартып, Абрего Гарсияның АҚШ-қа қайтып келгенін ескеріп, федералды судьядан істі жабуды сұрады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us