ТҮРКИЯ
3 минут оқу
YPG/PKK лаңкестік әрекеттерін жеңу үшін аймақтық ынтымақтастық неге маңызды?
Түркияның YPG/PKK лаңкестерін жоюға бағытталған әрекеттері шекараларынан асып, аймаққа әсер ететін стратегиялық міндеттемемен күшейе түсуде.
YPG/PKK лаңкестік әрекеттерін жеңу үшін аймақтық ынтымақтастық неге маңызды?
March 3, 2025

Анкара өткен демалыс күндері Сирияның солтүстігінде YPG/PKK-ның жиырмаға жуық лаңкесін залалсыздандырды. Бұл операциялар биылғы бірқатар шабуылдарының жалғасы болып табылады. Түркияның бұл әрекеттері YPG-ның таралуы мен қарусыздануын, сондай-ақ PKK лаңкестерінің Сирия аумағынан толықтай кетуін талап ететін ұстанымын көрсетеді.

Түркияның қауіпсіздік мәселелерінен тыс, YPG/PKK-ның әрекеттері аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіріп, Сирияны тұрақсыздандырып, Ирактың егемендігін бұзып, АҚШ-тың лаңкестікке қарсы стратегияларын қиындатады. Сондықтан YPG/PKK лаңкестігіне қарсы аймақтық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі айқын.

Сирияны қайта қалпына келтіру мәселесінде қарулы топтардың Сирия армиясынан тәуелсіз әрекет етуі Дамасктың егемендігіне тікелей қауіп төндіреді. Олардың орнығуы Сирияның соғыстан кейінгі ұлттық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды әскери интеграциясына кедергі келтіреді.

Сирияның Уақытша Үкіметінің Президенті Ахмед әл-Шара қару тек мемлекет қолында болуы керек деген ұстанымын білдірді. Сондықтан PKK/YPG-ның қарусыздануы тек тілек ғана емес, қажеттілік болып табылады.

Соңғы оқиғалар PKK/YPG лаңкестерінің Сирияның солтүстігінде қақтығыстарды тоқтатудан бас тартқанын көрсетеді. Мысалы олардың Манбидж ауданындағы бомбалаулары мен айлар бойы өлім-жітімнің көбеюі әл-Шараның зорлық-зомбылықты тоқтату және мемлекеттік билікті нығайту әрекеттеріне кедергі келтірді.

Ибн Халдун университетінің доценті Өмер Өздемір TRT World-ке берген сұхбатында: «Мемлекетті қайта қалпына келтіру барысында армияны да қайта құруды көздейтін Дамаск үшін армиядан тәуелсіз әскери топтың болуы егемендікті әлсірететін фактор болады», – деді.

Қазіргі жағдайға қарағанда, егемендікке қауіп төндіретін кейбір тәуекелдер айқын көрінеді. PKK-ның Сириядағы қанаты болып табылатын АҚШ қолдайтын Сирия Демократиялық Күштері (SDF) интеграцияға қарсы тұрып, жартылай автономды әскери мәртебеге ұмтылуда. Бұл Сирияның барлық сириялықтар үшін біртұтас ұлттық армия құру көзқарасына қайшы келеді.

Жағымды белгі ретінде, Сирияның 70-тен астам қарулы тобы жаңа әкімшілікке қосылуға дайын сияқты. Алайда PKK/YPG құрамында шетелдік лаңкестердің болуы әскери бірлікті бұзып, Сирияның ұзақ мерзімді тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Әл-Шараның осы аптада Түркияға ұйымдастырған жемісті сапары екі елдің лаңкестікке қарсы ынтымақтастығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Иракпен бірлескен механизмдер мен нақты уақыттағы барлау алмасу арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Бұл қадам Дамаск пен YPG арасындағы қарусыздану туралы келіссөздерге қосымша құн қосуы мүмкін. Алайда келіссөздерге қатысты оптимизм шектеулі және егер Дамаск пен АҚШ қолдайтын лаңкестер келісімге келе алмаса, бірлескен барлау ақпаратын алмасу балама жол ұсына алады.

Анкараның жақында Сирияның солтүстігінде PKK/YPG-ның басты террорсті Махмұт Ағжаны залалсыздандыруы Түркияның лаңкестікке қарсы күресте Сирияға айтарлықтай көмек көрсете алатынын дәлелдейді.

АҚШ-тың мүдделері тұрғысынан SDF-ке қолдау көрсетуін қайта қарау стратегиялық мүдделер мен аймақтық тұрақтылыққа сәйкес келеді. Бұл Вашингтонға SDF-тің ДАИШ-тың қайта өрлеуіне жол бермеудегі негізгі рөлін қайта бағалауға мүмкіндік береді.

Түркия, Ирак, Сирия және Иордания ДАИШ-қа қарсы күрес бойынша алғашқы талқылауларды өткізді, бұл Вашингтонға YPG/PKK байланыстарынсыз жаңа ынтымақтастық жолдарын ұсынады.

«YPG/PKK-ны теңдеуден шығару арқылы АҚШ ДАИШ-қа қарсы күресте НАТО-дағы ұзақ мерзімді одақтасы Түркиямен ынтымақтасуды таңдай алады», – деді “TRENDS Research and Advisory” ұйымының Түркия бағдарламасының жетекшісі Серхат Суха Чубукчоғлу.

Ирак үшін PKK элементтерін жою аймақтық ынтымақтастықтың белгісі ғана емес, бұл ұлттық қауіпсіздік қажеттілігі болып табылады. PKK-ның Синжарды басып алуы Ирактың егемендігін бұзып, Түркиямен стратегиялық жобалардың, мысалы Даму Жолы бастамасының табысына қауіп төндіреді.

Ирак PKK-ға тыйым салу арқылы оң ниетін көрсетті. Бірақ Түркия мен Ирактың бірлескен әскери әлеуетін ашу үшін оны лаңкестік ұйым ретінде ресми түрде тану маңызды.

Мұхаммед Шиа әл-Судани үкіметі өткен қателіктерді түзету және аймақтық қауіпсіздік құрылымын нығайту үшін маңызды мүмкіндікке ие.

Түркияның YPG/PKK лаңкестігіне қатысты заңды қауіпсіздік мәселелері Вашингтон, Дамаск және Бағдадтың стратегиялық мүдделерімен сәйкес келеді. Аймақтық тұрақтылық лаңкестіктің өзгермелі ландшафтында бірлескен әрекетке байланысты.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us