САЯСАТ
2 минут оқу
АҚШ Кашмирдегі шабуылдан кейін Үндістанды ауқымды қақтығыстан аулақ болуға шақырды
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Оңтүстік Азия қауіпті шиеленіс алдында тұрған сәтте Пәкістанның бұл шабуылға жауапты адамдарды "ұстап, жазалауға" көмектесу үшін Үндістанмен ынтымақтастық орнатуы қажет екенін айтты.
АҚШ Кашмирдегі шабуылдан кейін Үндістанды ауқымды қақтығыстан аулақ болуға шақырды
/ AP
2 Мамыр 2025

Вэнс Вашингтонның Үндістанның Үндістан бақылауындағы Кашмирде жақында болған шабуылға беретін жауабы өңірлік деңгейде кең ауқымды қақтығысқа ұласпағанын қалайтынын жеткізді.

Ол АҚШ-тың мақсаты  кең көлемді өңірлік жанжалдың алдын алу екенін атап өтті.

“Fox News” арнасында көрсетілген "Special Report with Bret Baier" бағдарламасына берген сұқбатында Вэнс: «Бұл лаңкестік шабуылға Үндістанның беретін жауабы өңірлік қақтығысты өршітпейтін бағытта болады деп үміттенеміз», — деді.

Сондай-ақ ол шабуылға жауаптылардың ұсталып, жазалануы үшін Вашингтон Пәкістан Үндістанмен бірлесе әрекет етеді деп үміттенетінін жеткізді.

«Eгер Пәкістан бұл оқиға үшін қандай да бір дәрежеде жауапты болса, өз аумағында әрекет ететін террористердің ұсталып, жауапқа тартылуы үшін Үндістанмен ынтымақтастық орнатады. Бұл үдерістің осылай өрбуін қалаймыз. Әрдайым тығыз байланыстамыз. Не болатытын бірге көреміз», — деді Вэнс.

Қақтығыс ушығуда

Бұл оқиға мемлекет бақылауындағы БАҚ-тың хабарлауынша, Пәкістан армиясы шығыс көршісі Үндістанмен арадағы шиеленістің күшеюі аясында кең ауқымды әскери жаттығулар өткізгеннен бір күн өткен соң болды.

“Radio Pakistan” бейсенбі күні қауіпсіздік дереккөздеріне сүйене отырып жариялаған хабарында бұл әскери жаттығулар соғыс стратегиясына сай заманауи қаруларды тәжірибелік қолдануды қамтығанын, онда офицерлер мен сарбаздар өз кәсіби шеберліктерін белсенді түрде көрсеткенін жазды.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдардағы ең төменгі деңгейге түсті. Жаңа Дели басқаруындағы Кашмирде қарулы адамдар туристерге шабуыл жасап, 26 адамның өмірін қиған ауыр оқиғадан кейін Үндістан Пәкістанды «шекарадан тыс лаңкестікті» қолдады деп айыптады.

Исламабад бұл шабуылға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп, Пәкістанды оқиғамен байланыстыру әрекеттерін «жауапсыздық» деп бағалады және Үндістан тарапынан жасалуы мүмкін кез келген әрекетке жауап беретінін жеткізді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сәрсенбі күні Оңтүстік Азиядағы шиеленісті бәсеңдетуге шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы да екі елді «барынша сабыр сақтауға» үндеп, мәселелердің «өзара мағыналы  келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешілуі қажет» екенін атап өтті.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us