САЯСАТ
2 минут оқу
Ресей мен Украина жүздеген тұтқын алмастырды
Ресей мен Украина ірі көлемдегі тұтқын алмасудың бірінші кезеңін жүзеге асырды, алдыңғы шептегі ұрыстар жалғасып жатқанда, шамамен 800 адам алмастырылды.
Ресей мен Украина жүздеген тұтқын алмастырды
/ Reuters
4 сағат бұрын

Ресей мен Украина арасында ірі тұтқын алмасу басталды, бұл соғыс кезіндегі ең үлкен алмасу ретінде сипатталуда. Екі тарап жүздеген сарбаз бен бейбіт тұрғынды алмастырды.

Украина Президенті Владимир Зеленский жұма күні 390 украиндықтың /сарбаздар мен бейбіт тұрғындар/ үйлеріне оралғанын растады. Ол демалыс күндері тағы да босатулар болатынын айтты. Ресейдің Қорғаныс министрлігі де Украинадан дәл осындай мөлшерде азамат қабылдағанын мәлімдеді.

«Барлығын үйге қайтару өте маңызды», – деді Зеленский “Telegram-да”, бұл іске қатысқандарға алғысын білдіріп, болашақта да дипломатиялық күш-жігерді жалғастыруға уәде берді.

Бұл алмасу Стамбулдағы бейбіт келіссөздерден кейін жүзеге асты. Бұл келіссөздер Киев пен Мәскеу арасындағы 2022 жылдың басынан бері алғашқы тікелей кездесу болды. Екі тарап 1000 адамдық алмасуға келісті.

«Мүмкін, әкем ертең келеді»

Босатылған украиндықтар Чернигов облысындағы медициналық мекемеге жеткізілді, оларды қуанышпен қарсы алған туыстары күтіп тұрды. Кейбір ер адамдар сезімге беріліп, көз жасына ерік берсе, басқалары ұзақ уақыт тұтқында болғаннан кейін абдырап қалғандай көрінді. Олар украин жалауларына оранып, отбасыларымен құшақтасып, қайта бейімделу процесін бастады.

Тұтқындардың туыстары автобустар келгенде «Рақмет!» деп айқайлап, қуаныштарын білдірді. Алмасу Беларусь шекарасында өтті, ал босатылған ресейліктер медициналық көмек алу үшін Беларуське жеткізілді. Бұл алмасу маңызды болғанымен, соғыстың тоқтағанын білдірмейді.

1 000 шақырымдық майдан шебінде қақтығыстар әлі де жалғасуда.

«Ваня!» – деп айқайлады Наталия Мосыч, жиналған туыстардың арасында, «Менің күйеуім!»

Ол күйеуі Иванды екі жылға жуық көрмегенін айтты, қуаныштан жүзі бал-бұл жанды.

«Бұл керемет сезім. Әлі де шоктамын», – деді Мосыч, күйеуі тіркеу рәсімдерінен кейін отбасымен қауышқан соң. «Мен өте қуаныштымын, бізді ұмытпағандарына ризамын.»

Кейбір азаматтар жақындарының қайтарылмағанын көріп, жылап қалды.

«Мүмкін, әкем ертең келеді», – деп жылады бір кішкентай бала.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us