САЯСАТ
2 минут оқу
Трамп Иранмен жасалатын келісімде уран байытуға рұқсат бермейтінін айтты
Трамптың мәлімдемелері келісімнің шектеулі, төмен деңгейлі байытуға рұқсат беруі мүмкін деген хабарлардан кейін жасалды.
Трамп Иранмен жасалатын келісімде уран байытуға рұқсат бермейтінін айтты
/ AP
3 Маусым 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі жасалуы ықтимал жаңа келісім аясында Иранның уран байытуына мүлдем жол бермейтінін қайталап айтты. Трамп дүйсенбі күні “Truth Social” платформасындағы жазбасында: «AUTOPEN баяғыда Иранның байыту әрекеттерін тоқтатуға тиіс еді. Келісіміміз аясында… УРАН БАЙЫТУҒА МҮЛДЕМ РҰҚСАТ БЕРМЕЙМІЗ!» деп жазды.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Иранға шектеулі, төмен деңгейлі байытуға рұқсат беретін ұсыныс жасағаны туралы медиа хабарларынан кейін жарияланды.

“Axios” агенттігінің хабарлауынша, жоспар жаңа байыту қондырғыларын салуға шектеу қою, маңызды уран инфрақұрылымын бөлшектеу және халықаралық бақылауды күшейтуді көздейді.

Сонымен қатар Иранның байыту деңгейін уақытша 3 пайызға дейін төмендетуі және жерасты нысандарын белгісіз мерзімге жабуы талап етілетіні хабарланып отыр.
Жер үстіндегі байыту қызметі Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің стандарттарына сай реакторлық отын деңгейімен шектелмек.

Келісім сондай-ақ Агенттіктің жарияланған және жарияланбаған нысандарда қоршаған орта үлгілерін алу құқығын қамтитын Қосымша Хаттаманы дереу қабылдауды талап ететін қатаң бақылау шараларын енгізуді көздейді.

Байыту мәселесі шешуші тақырып болып қала беруде

Бұған дейін Иран өзіне байыту құқығынан айыратын кез келген ядролық келісімді қабылдамайтынын хабарлаған болатын.

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи: «Егер Иранды бейбіт қызметінен айыру мақсат етілген болса, келісімге келу мүлде мүмкін емес», - деп мәлімдеді.

Аракчи Иранның ядролық бағдарламасына қатысты «жасыратын ештеңе жоқ» екенін ерекше атап өтті. «Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы бар… Біз мұны кез келген тарапқа немесе ұйымға кепілдік етуге дайынбыз», -деді ол.

Трамп жаңа келісім іздеуде

АҚШ пен Иран арасындағы бесінші ядролық келіссөздер кезеңі 23 мамырда Оманның арағайындығымен Римде өтті.

2015 жылы Иран мен әлемдік державалар қол қойған ядролық келісімнен шыққан Трамп Тегеранға ешқашан ядролық қару жасауға рұқсат берілмеуі тиіс екенін бірнеше рет хабарлаған.

Трамп алдыңғы президенттен де қатаң әрі іске асатын келісімді қайтадан талқылау қажет деп есептейді.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us