ЭКОНОМИКА
1 минут оқу
Пәкістанның ұлттық әуе компаниясы алғаш рет жылдық табысын жариялады
Өткен жылғы сәтсіз жекешелендіру әрекетінен кейін Пәкістан халықаралық әуе жолдары екінші сату әрекетінен бұрын 21 жылдан кейін алғаш рет  жылдық табысын жариялады.
Пәкістанның ұлттық әуе компаниясы алғаш рет жылдық табысын жариялады
/ AP

Бұл туралы сейсенбі түні «PIA» басқарма  кеңесінің отырысында Қорғаныс және авиация министрі Хаваджа Мухаммад Асиф мәлімдеді. «PIACL» басқарма кеңесі бүгін 2024 қаржы жылына арналған есепті бекітті. Министрдің «X» платформасындағы мәлімдемесінде «Компания 21 жылдан кейін 9,3 миллиард Пәкістан рупийін (33,14 миллион доллар) құрайтын операциялық пайдаға және кейінге қалдырылған салықты түзетуден кейін 26,2 миллиард рупий таза пайдаға қол жеткізді», - делінген. Бұл мәлімдемені компания да растады.

Премьер-министр Шахбаз Шариф сәрсенбі күні «ондаған жылға созылған дағдарыстан кейінгі маңызды бетбұрыс» деп сипаттап, «Құдай қаласа болашақ нұрлы болады», - деді.

Сәтсіз жекешелендіру

Өткен жылғы сату әрекетіне дейін Пәкістан әуе компаниясы бұрынғы қарызының шамамен 80 пайызын мемлекетке аударып, балансын жеңілдеткен болатын. Сату сәтсіз аяқталғаннан кейін қалған қарыздар да компания шоттарынан алынып тасталды.

Көптеген жыл бойы үкіметтің қолдауында болған «PIA»-ның кірісі негізінен қарыз пайызын төлеуге жұмсалды. Шенеуніктердің айтуынша қарызды алып тастау, қызметкерлерді қысқарту, шығынды азайту реформалары компанияның кіріс көзін қайта жаңғыртты.  

Былтырғы сатылымға дейін әуе компаниясы күрделі дағдарыстарға тап болды, соның ішінде қарызға байланысты ұшақтар шетелде ұсталып, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерге қаражат жеткіліксіз болғандықтан рейс тоқтатылған болатын.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us