Германия канцлері Фридрих Мерц пен АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні алғашқы телефон әңгімесінде Украинадағы соғысты тоқтату үшін ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
Үкіметтің жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы Стефан Корнелиус мәлімдемесінде екі көшбасшының Украинадағы соғысты тоқтату үшін тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келгенін айтты.
Корнелиус Мерцтің Трамптың Ресей-Украина соғысын тез арада тоқтату туралы үндеуіне қосылатынын айтты.
«Ресей енді келіссөздер үшін атысты тоқтатуды қабылдауы керек», - деп Корнелиус Кремльді дереу әрекет етуге шақырды.
«Трамп Германияны Франция, Ұлыбритания, Польша және басқа да еуропалық серіктестермен бірге аймақта тұрақты бейбітшілікті іздеуде жан-жақты қолдауға уәде берді»,- деді Корнелиус.
Сондай-ақ екі ел басшылары тұрақты түрде келіссөздерді жалғастырып, АҚШ пен Германияға өзара сапарларды жоспарлауға келісті.
Консервативтік лидер Мерц сейсенбі күні Германияның 10-шы канцлері қызметіне кіріскеннен кейін сәрсенбі күні Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен бірлескен баспасөз мәслихатында Трамптың атысты тоқтату бастамасын толық қолдайтынын мәлімдеді.
Тығыз ынтымақтастық
Фридрих Мерц «Біз президент Трамптың осы соғысты тоқтатуға және Украинадағы қырғындарды тоқтатуға бағытталған күш-жігерін толығымен қолдаймыз», - деді.
«Біз әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін АҚШ, Украина және Еуропадағы серіктестерімізбен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгеннен кейін біз АҚШ басшылығында бақылауға көмектесуге дайынбыз», - деп қосты ол.
Мерц сондай-ақ алдағы апталарда Украина астанасы Киевке баруды және Германияның Украинаны қолдайтынын растауды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Украинаға берілуі мүмкін ықтимал қауіпсіздік кепілдіктері туралы сұраққа жауап берген премьер-министр «егжей-тегжейлер туралы айту әлі ерте» деді.
«Атысты тұрақты тоқтату және Ресеймен бітімгершілік келісімінсіз біз Украинаға ұсына алатын қауіпсіздік кепілдіктерінің көлемі туралы ақпарат бере алмаймыз. Өйткені біз шарттарды әлі білмейміз», - деді Мерц журналистерге.
«Біздің көзқарасымызша АҚШ-тың осы процеске және болашақта Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру шеңберіне қосылуы өте маңызды. Ең алдымен бұл соғыс уақытша ғана емес, біржола аяқталуы керек», - деді ол. Мерц осы мәлімдемемен Ресей президенті Владимир Путиннің 8 мамыр таңынан 11 мамырға дейін жариялаған үш күндік атысты тоқтатуға сілтеме жасады.