САЯСАТ
2 минут оқу
Трамп осы аптада Путинмен сөйлесуді жоспарлауда
АҚШ және Ресей президенттері Украинадағы атысты тоқтату және активтерді бөлу мүмкіндігін талқыламақшы. Тараптар арасындағы келіссөздер жалғасуда.
Трамп осы аптада Путинмен сөйлесуді жоспарлауда
/ AFP
18 Наурыз 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен Украинадағы соғысты тоқтату туралы сөйлесу үшін кездесу жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол сонымен қатар соғысушы тараптар арасында «кейбір активтерді бөлу» туралы талқылаулар жүріп жатқанын атап өтті.

АҚШ билік өкілдері жексенбі күні Сауд Арабиясында өткен келіссөздерден кейін соғысты тоқтату туралы ұсынысты Киев қабылдағаннан кейін Украина мен Ресей арасында атысты тоқтату туралы келісім бірнеше апта ішінде жасалуы мүмкін деген үміт білдірді.

«Менің ойымша біз жер туралы сөйлесеміз... электр станциялары туралы сөйлесеміз», – деді Трамп “Air Force One” журналистеріне берген сұқбатында. «Менің ойымша бұл мәселелердің көпшілігі Украина мен Ресей тарапынан талқыланып қойған. Біз қазірдің өзінде кейбір активтерді бөлу туралы сөйлесіп жатырмыз», - деді.

Вашингтон мен Киевтің еуропалық одақтастары Мәскеуді атысты тоқтатуға көндіруге тырысуда, бірақ Путин бұл ұсынысқа нақты жауап берген жоқ. Оның орнына ол бірқатар шарттарды атап өтіп, ұсынысқа қатысты «маңызды сұрақтарды» көтерді.

Трамптың Украинадағы қақтығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф бірнеше күн бұрын Путинмен бірнеше сағатқа жалғасқан кездесуден кейін “CNN” арнасына «Екі президент осы аптада оң нәтижелі кездесу өткізеді деп ойлаймын», – деді.

Трамптың бұл үдерістен үлкен үміт күтетінін атап өткен Уиткофф «Алдағы бірнеше апта ішінде бір келісім болады деп күтеді және менің ойымша бұл мүмкін», - деді.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні Кремльді соғысты тоқтатқысы келмейді деп айыптады. Ол Мәскеу кез келген атысты тоқтату келісіміне келіспес бұрын «майдандағы жағдайын күшейткісі келеді» деп ескертті.

Рубио мен Лавровтың кездесуі

Мәскеудің мәлімдемесінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың әріптесі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа өткен айда Сауд Арабиясында өткен АҚШ-Ресей саммитінде қол жеткізілген «келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілерін» талқылау үшін қоңырау шалғаны хабарланды.

Ақпан айында Эр-Риядта өткен кездесу 2022 жылдың ақпанында Мәскеу шабуыл бастағаннан бері АҚШ пен Ресей арасындағы алғашқы жоғары деңгейдегі кездесу болды.

«Сергей Лавров пен Марко Рубио байланыста болуды жалғастыруға келісті», – деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі. Бірақ АҚШ ұсынған атысты тоқтату туралы ақпарат берілмеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс сенбі күні екі тараптың Украина бойынша «келесі қадамдарды» талқылағанын және АҚШ пен Ресей арасындағы байланысты қалпына келтіру үшін жұмыс істеуді жалғастыруға келіскенін мәлімдеді.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us