Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Фукусима Дайичи атом электр станциясын басқаратын “TEPCO” компаниясы сейсенбі күні зақымданған станциядан ядролық қалдықтарды шығару үшін сынақ жұмыстарына қайта кіріскен.
“NHK World” арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, “Tokyo Electric Power Company” (TEPCO) №2 реактордан аздаған мөлшерде ядролық қалдықты шығару мақсатымен сынақ жүргізуді бастаған.
“TEPCO” өткен жылдың қарашасында алғаш рет 2011 жылы жойқын жер сілкінісі мен оны іле-шала болған цунами кезінде зақымданған реактордың бірінен еріп кеткен отынның шағын бөлігін сәтті түрде алып шыққан болатын.
“NHK World” арнасысының хабарлауынша, “TEPCO” бұл жолы да алғашқы сынақтағы әдіске ұқсас тәсіл қолданбақ. Олар жіңішке түтік тәрізді құрылғыны реактордың қорғаныс қабына орналастырып, төменгі бөлікте жиналған бірнеше грамм қалдық жинауды жопарлап отыр. Егер үдеріс сәтті өтсе, компания келесі аптада отын үлгісін алып шығаруды жоспарлап отыр.
Фукусима Дайичи атом электр станциясының үш реакторында 2011 жылғы ядролық апат кезінде ядролық өзек еріп кеткен. Қазіргі таңда шамамен 880 тонна ядролық қалдық реакторлардың ішінде қалып отыр. Станция Жапонияда болған магнитудасы 9,0 жер сілкінісі мен оны кейіннен басып өткен цунами салдарынан қатты зақымданған.