Владимир Путин: "Иранның жерасты уран байыту қондырғыларына зиян келмеді"
Ресей президенті Владимир Путин Израильдің шабуылдарынан кейін Иран халқы ел үкіметін қолдағанын атап өтіп, Тегеранның Мәскеуден әскери қолдау сұрамағанын мәлімдеді.
Владимир Путин: "Иранның жерасты уран байыту қондырғыларына зиян келмеді"
/ AP
19 Маусым 2025

Ресей президенті Владимир Путин Иран халқының ел басшылығының төңірегінде біріккенін айтып, Израильдің бұрын-соңды болмаған шабуылдарына қарамастан Иранның жерасты уран байыту нысандарының бұзылмағанын атап өтті.

АҚШ «Иранның ядролық және зымыран нысандарына бағытталған Израиль шабуылдарына қатыса ма, жоқ па?» деген мәселе қызу талқыланып жатқан кезде Путин мәлімдеме жасады. Путин «Тараптар Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық энергия құқығына және Израильдің қауіпсіздік құқығына кепілдік бере отырып, қақтығыстарды тоқтату жолдарын іздеуі керек», -  деді.

«Израильдің әскери шабуылдары Ирандағы үкіметті құлатуы мүмкін» деген  Нетаньяхудің мәлімдемелері мен АҚШ президенті Дональд Трамптың «Иран шартсыз берілуі керек» деген талабына қатысты сұраққа Путин «Қандай да бір іске кіріспес бұрын, негізгі мақсаттың жүзеге асып, аспауына көз жеткізу қажет» екенін айтты.

«Бүгін Ирандағы барлық күрделі ішкі саяси процестерге қарамастан, біз халықтың үкіметпен бірге  екенін көріп отырмыз», - деді Путин Санкт-Петербургтегі ақпарат агенттігінің аға редакторларына.

Путин Трамп және Нетаньяхумен жеке байланыста болғанын, қақтығысты шешуге қатысты Мәскеудің идеяларын жеткізгенін айтты. Ресей басшысы Иранның жер астындағы уран байыту нысандарының әлі күнге дейін бұзылмағанын атап өтті.

«Иранның жер асты зауыттары бар, оларға ештеңе болған жоқ» деген Путин барлық тараптардың Иранның да, Израильдің де мүдделеріне кепілдік беретін шешім іздеуі керек екенін айтты.

«Тараптардың өзара келісімге келу жолдарын табуы орынды болар еді. Мұндай шешімді табуға болады деп ойлаймын,” – деді Путин.

Иран Ресейден әскери қолдау алғысы келмейді

Сондай-ақ Ресей президенті Иранның Мәскеуден әскери қолдау сұрамағанын мәлімдеді.

Путин «Иран бізден ешқандай әскери көмек сұраған жоқ. Біз бұрын әуе қорғаныс жүйелерін бірлесіп жасауды ұсынған кезде де Иран бұл мәселеге онша қызығушылық танытпады», - деді.

Путин Иранның мүдделерін қамтамасыз ететін және Израильдің алаңдаушылықтарын сейілтетін шешімдердің бар екенін және серіктестерге ұсынылғанын айтты. Сонымен қатар Ресей мен Иранның Бушер атом электр стансасында екі жаңа ядролық блоктың құрылысы туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

«Жұмыс жалғасуда, 200-ден астам маманымыз жұмыс істеуде. Біз Израиль үкіметімен олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі деп келістік», - деп қосты Путин.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Мәскеу АҚШ-тан Иранға шабуыл жасамауды сұрады өйткені бұл Таяу Шығысты түбегейлі тұрақсыздандырады», - деді.

 

 

Іздеу
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 119-ға жетті
Израиль шенеунігі: «Егер Хамас қаруын тастамаса, соғыс жалғасады»
Жалғыздықтан сағат сайын 100 адам қайтыс болады
Еуропада аптап ыстықтан 2300 адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us