Мьянма армиясының ауылға жасаған шабуылы салдарынан 12 адам қаза тапты
Куәгерлер бомбалау кезінде жасырынып қалуға тырысқанын айтады.
Мьянма армиясының ауылға жасаған шабуылы салдарынан 12 адам қаза тапты
/ AP
18 Наурыз 2025

Мьянмада әскери билікке қарсы күрес жүргізіп жатқан топтардың бақылауындағы ауылға жасалған әуе шабуылы кемінде 12 адамның өмірін қиды. Жергілікті билік өкілдері бомбалау кезінде бейбіт тұрғындардың нысанаға алынғанын мәлімдеді.

2021 жылғы әскери төңкерістен кейін елді азаматтық соғысқа ұшыратқан Мьянма әскері сарапшылардың пікірінше барған сайын тығырыққа тіреліп, бейбіт тұрғындарға қарсы әуе шабуылдарын жиілетіп отыр.

Жұма күні түстен кейін жасалған бұл шабуыл елдің екінші ірі қаласы Мандалайдан шамамен 60 шақырым солтүстікте орналасқан Летпанхла ауылын нысанаға алды.

Аталған ауыл төңкерістен кейін қару алып, хунта режиміне қарсы күрес жүргізіп жатқан Халық Қорғаныс Күштерінің бақылауында болған.

"Базарда адамдарға бомба тастады"

Жергілікті билік өкілі: "Халық көп жиналған орындарға бомба тастағандықтан көптеген адам қаза тапты. Шабуыл тұрғындар базарға барған сәтте жасалды," – деді.

Оның айтуынша қазіргі уақытта 12 адамның қаза тапқаны анықталған.

Әзірге Мьянма хунтасының өкілі ресми мәлімдеме жасаған жоқ, ал құрбандардың нақты саны тәуелсіз дереккөздер арқылы расталмаған. Халық Қорғаныс Күштеріне қарасты жергілікті бөлімше 27 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Бомбалаудан кейін жан дауыстар шықты

62 жастағы куәгер Мьин Со ұшақ жақындағанда жасырынуға тырысқанын айтты:

"Жасырынып жатқанымда қатты жарылыс дыбыстарын естідім. Сыртқа шыққанда базардың жалындап жатқанын көрдім."

Бомбалаудан кейін кейбір ғимарат, мейрамхана мен үйлердің өртеніп кеткені байқалды. Азаматтық киімдегі және камуфляж формасын киген адамдар өртті сөндіру үшін су төгіп жатты.

Қансырап жатқан бір баланың жансыз денесін Халық Қорғаныс Күштері белгісі бар форма киген ер адам жедел жәрдемге көтеріп алып барды.

Кейбір адамдар көкке қарап жан айқай шығарса, өзгелері шарасыз күйде оқиға орнында тұрды.

Хунта әуе шабуылдарын арттыруда

Мьянмадағы бақылау хунта күштері, этникалық қарулы топтар және төңкеріске қарсы көтерілісшілер арасында бөлінген.

Қарулы қақтығыс орындары мен оқиғалар дерекқорының мәліметіне сәйкес Мьянма әскері азаматтарға жасаған әуе шабуылдарын жыл сайын арттырып келеді. 2024 жылы шамамен 800 әуе шабуылы жасалған.

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп, ал дерекқор хунтаның «құрлықтағы әскери қысымның күшеюіне байланысты әуе шабуылдарына одан да көбірек сенім артатынын» болжайды.

«Әскер оппозицияның қолдаушыларының санын азайту және олардың жігерін жою үшін бейбіт тұрғындар тұратын аймақтарға бағытталған жаппай әуе шабуылдарын жалғастырады», – делінген мәлімдемеде.

Хунта шығындарының орнын әуе шабуылдарымен толтыруға тырысуда
2023 жылдың соңында қарулы этникалық топтардан құралған одақ Мьянма әскеріне ауыр аумақтық шығындар әкелді. Алайда сарапшылардың пікірінше Ресейдің техникалық қолдауына ие болған Мьянма әуе күштері шекара аймақтарында соғыс жүргізіп жатқан қарсылас топтарға қарсы ең үлкен артықшылыққа ие.

Бүгінгі таңда 3,5 миллионнан астам мьянмалық өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, ал ел халқының жартысы кедейлік шегінде өмір сүруде.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us