ТҮРКИЯ
2 минут оқу
Ердоған Трампқа: "Байланыстарды нығайту сауда мақсатына жетуге көмектеседі" деді
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған әскери альянс басшыларына арналған Нидерланд королінің кешкі асында АҚШ Президенті Трамппен кездесті.
Ердоған  Трампқа: "Байланыстарды нығайту сауда мақсатына жетуге көмектеседі" деді
/ AA
25 Маусым 2025

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Нидерланд Королі Виллем-Александр мен оның жұбайы ұйымдастырған кешкі ас кезінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті. Бұл шара НАТО Мемлекет және Үкімет Басшыларының Саммитіне қатысушы көшбасшылар мен олардың жұбайлары құрметіне өткізілді.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, Ердоған мен Трамп Гаагада өткен НАТО саммиті аясында аймақтық, жаһандық мәселелер мен екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Түркия Президенті АҚШ Президенті Трамптың күш-жігерімен қол жеткізілген Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімін құптап, тұрақты бейбітшілік орнатуға, Газа аймағындағы геноцидті тоқтатуға және Ресей-Украина соғысы бойынша диалогқа шақырды.

“Ердоған АҚШ-пен энергетика, инвестиция және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту 100 миллиардтық долларлық сауда мақсатына жетуге көмектесетінін айтты», – деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Екі көшбасшы НАТО-ның басты одақтастары ретінде Альянстың қорғаныс әлеуетін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

TRT World тілшісі Хасан Абдулланың Гаагадан хабарлауынша, Ердоған Трампқа Иран-Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, Газа аймағындағы дағдарысқа алаңдаушылық білдірді.

Ердоғанға кімдер серік болуда?

Сейсенбі күні Ердоған НАТО саммитіне қатысу үшін Нидерландқа барды. Түркия Президенті Амстердамдағы Схипхол әуежайына қонып, оны Нидерланд шенеуніктері, Түркияның НАТО-дағы елшісі Басат Өзтүрік және Нидерландтағы Түркия елшісі Селчук Унал қарсы алды.

Кейін ол саммит өтіп жатқан Гаага қаласына барды. Президенке Түркияның бірінші ханымы Емине Ердоған, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын, Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун және Ердоғанның сыртқы саясат пен қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Акиф Чағатай Кылыч серік болуда.

Емине Ердоған Король сарайында өткен кешкі ас кезінде Түркия көшбасшысының жанында болды.

Түркия Президенті саммит барысында бірнеше басшымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланды. Саммитте Еуро-Атлантикалық аймаққа төнетін стратегиялық қауіптер мен қатерлер талқыланады.

Екі күндік НАТО саммиті сәрсенбі күні аяқталады.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us