МӘДЕНИЕТ
2 минут оқу
Оксфорд 2024 жылдың « Жыл сөзін» жариялады: «Мидың шіруі»
«Oxford Languages» ​​2024 жылдың «Жыл сөзі» ретінде «Мидың шіруі» терминін таңдады. Бұл таңдау цифрлық технологияларды тұтынудың когнитивті әсерлеріне қатысты өсіп келе жатқан алаңдаушылықты көрсетеді.
Оксфорд 2024 жылдың « Жыл сөзін» жариялады: «Мидың шіруі»
February 28, 2025

 37 000-нан астам адам қатысқан онлайн сауалнамада «мидың шіруі» термині цифрлық дәуірдің когнитивті зақымдануын сипаттайтын сөз ретінде ерекшеленді.

 Терминнің қолданылуы 2023 - 2024 жылдары аралығында рекордтық 230 пайызға артқан. Бұл цифрлық контентті тұтынуға байланысты алаңдаушылықтың қаншалықты артқанын көрсетеді.

Оксфорд «Мидың шіруін» әсіресе  шамадан тыс онлайн контент тұтыну нәтижесінде пайда болатын адамның психикалық және интеллектуалдық қабілетінің бұзылуы ретінде анықтады.

«TikTok» сияқты платформаларда жастар бұл терминді өздерінің медиа әдеттерін сыни сипаттау үшін пайдаланады. Бұл жастардың цифрлық тәуелділіктен хабардар екенін көрсетеді.

 Сарапшылар экранда шамадан тыс уақыт өткізу мен сапасыз контенттің  әсіресе жастардың зейініне, шығармашылығына және психикалық денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін айтады.

 Денсаулық сақтау орталықтарында арнайы бөлімдер ашылды

Америка Құрама Штаттарындағы Психикалық орталықтарда «Мидың шіруінің» салдарын анықтау және алдын алу бойынша арнайы кеңесу бөлімдері ашыла бастады.

 1854 жылы Генри Дэвид Торо қолданған бұл метафора цифрлық дәуір тудырған алаңдаушылықтан кейін қайта қолданыла бастады. Бұл шын мәнінде бұрыннан бар мәселе екенін, цифрлық дәуірде тереңдей түскенін көрсетеді.

«Мидың шіруі» «Demure», «Slop», «Dynamic pricing», «Romantasy» және «Lore» сияқты терминдерді артта қалдырды.  

«Oxford Languages» жетекшісі бұл таңдау виртуалды өмірдің эволюциясын және интернет мәдениетінің тілге әсерін көрсететінін айтады.

«Oxford Languages» компаниясының өнім директоры Кэтрин Коннор Мартин «Жыл сөзі» – тілдік тәжірибемізді қолданудың және бөлісудің, жылды ой елегінен өткізудің және дүние жүзіндегі адамдарды тілдің өзгеретін табиғатына тартудың бірегей тәсілі», - деді.

«Мидың шіруін» жыл сөзі ретінде таңдау цифрлық дәуірдің тілімізге және психикамызға қалай әсер ететіні туралы маңызды ескерту. Бұл цифрлық технологияларды тұтыну әдеттерімізді қайта қарау қажеттілігін көрсетеді.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us