Әлеуметтік медианың физикалық жасырын зияндары
Әлеуметтік медианың физикалық жасырын зияндарыБіз әлеуметтік желілердің психикалық әл-ауқатқа деген әсерін жиі талқыласақ та, соңғы зерттеулер әлеуметтік желі қолдану мен денедегі қабынудың жоғарылауы арасындағы алаңдатарлық байланыстарды көрсетеді. Жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысқан соңғы зерттеулерде әлеуметтік желілерде уақыт өткізу әдеттерінің физикалық денсаулыққа қалай әсер ететіні анықталған.
Әлеуметтік медиа / AA

Әлеуметтік медианың шексіз әлемінде кейде өзіңізді жоғалтып аласыз ба? Келген жаңа хабарламаны оқу үшін телефоныңызға қарайсыз, алайда видео көріп, жазбаларды оқи бастағанда бірнеше сағаттың қалай ғана өткенін байқамайсыз...

Ал мүмкін сіз дәл қазір осы подкастты тыңдап отырып, әлеуметтік желілеріңізді тексеріп отырған боларсыз. Бұл әдеттің сіздің денеңізге қалай әсер ететінін ойладыңыз ба? Біз әлеуметтік медианың психикалық денсаулыққа әсері туралы үнемі естиміз. Әлеуметтік желілер көптеген адамда алаңдаушылық тудырып, мінсіз өмір құруға итермелейді.  Ал осы әрекеттердің физикалық денсаулығымызға әсері қандай екен?

Американдықтар әлеуметтік желіге күніне орта есеппен 144 минут жұмсайды. Бұл күніне 2,4 сағат. Бұл уақыт әдетте жаттығуға, қоғаммен араласуға, тіпті тамақтануға жұмсайтын уақыттан да көп! 

Ал «Z ұрпағы» үшін бұл көрсеткіш одан да көп. Олар күніне алты сағатын әлеуметтік желіде өткізеді екен. Бұл тек уақытты тиімсіз пайдаланудың көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте қауіпті нәрсе. Онлайн өткізілген әр сағат ауру қаупін арттырады.

Буффало университеті мен Огайо мемлекеттік университетінің жақын арада жүргізген зерттеуі әлеуметтік желілерді көп пайдалану мен нашар физикалық денсаулық арасындағы байланысты анықтады. Бұл байланыс денедегі C-реактивті ақуыз немесе басқа атауымен CRP деңгейлерін зерттегенде анықталды.

Қандағы CRP деңгейінің жоғары болуы созылмалы қабыну аурулары мен жүрек аурулары сияқты түрлі денсаулық мәселелерінің көрсеткіші болуы мүмкін. Зерттеушілер әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетін адамдардың CRP деңгейі жоғары екенін анықтады. Бұл олардың денесінде қабынудың көп екенін білдіреді. Бұл қабыну бас ауруына, кеуде ауруына, арқа ауруына және басқа да мәселелерге әкелуі мүмкін.

Енді осы зерттеудің ерекшеліктеріне тоқталайық.

Зерттеушілер жоғарғы оқу орындарының 251 студенттерінен тұратын топты, яғни әлеуметтік желілерде ең белсенді жас топты зерттеуге алды.  Зерттеушілер студенттердің қан үлгілерін жинап, CRP деңгейлерін өлшеді.

Содан кейін олар «Facebook», «Twitter», «Snapchat» және «Instagram» сияқты цифрлық платформаларда студенттердің әлеуметтік медиа белсенділігі туралы деректер жинады. Зерттеушілер сонымен қатар студенттің өздері хабарлаған деректерді басқа өлшемдермен салыстыру арқылы өз тұжырымдарының сенімді екеніне көз жеткізді.

Ақырында олар әлеуметтік желіде көп уақыт өткізген сайын студенттердің CRP деңгейлері жоғарылап, денсаулықтары нашарлайтынын анықтады. 

Сонымен бұл неліктен болуы мүмкін? Бір гипотеза әлеуметтік медианы шамадан тыс пайдалану денсаулыққа пайдалы әрекеттердің орнын алып жатқанын айтады.

Ойлап көріңізші: біз экранға қарап отырып, сапалы ұйқыны, жаттығуды немесе шынайы өмірдегі әлеуметтік қарым-қатынасты жіберіп алуымыз мүмкін.

Нашар ұйқы кейіннен жүрек-қан тамырлары ауруларының және басқа да күрделі денсаулық мәселелерінің қаупін арттырады. Желіде үзіліссіз байланыста болудан туындайтын күйзелістің болса денемізді инфекцияларға қарсы осал етуі мүмкін екенін ескеру керек.

Олардың нәтижелері әлеуметтік желілерді пайдалану мен физикалық денсаулық шағымдары арасында нақты байланыс көрсеткенімен, бұл нақты себеп-салдар байланысы емес екенін ескерген жөн.

Себебі нашар денсаулық та әлеуметтік желілерді көбірек пайдалануға итермелеуі мүмкін.

Ал бұл зерттеу неге маңызды? Алдыңғы ғылыми жұмыстар әлеуметтік медианың алаңдаушылық пен депрессия сияқты психологиялық әсерлерін кеңінен зерттеген. Ал бұл зерттеу болса әлеуметтік желілердің тікелей физикалық денсаулыққа тигізетін әсерлеріне негізделген. Зерттеудің бұл ерекшелігі біздің психикалық және физикалық денсаулығымыздың шынымен қаншалықты өзара байланысты екенін көрсетеді.

Онлайн байланыс  үшін шамадан тыс көп мүмкіндік бар осы әлемде медиа платформалары күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл құралдар байланыс орнату мүмкіндігін ұсынса да, осындай зерттеулер осы технологияны қалай қолданып жүргеніміз туралы ойлауға мүмкіндік береді.

Бұл зерттеу айсбергтің бір ұшы ғана. Біздің цифрлық өміріміздің физикалық әл-ауқатымызға қалай әсер ететіні туралы зерттелетін әлі көп нәрсе бар. Сонымен сіз не істей аласыз? Әлеуметтік медиа әдеттеріңізді мұқият қарастырудың уақыты келген шығар. Кейбір шектеулер қоюды қарастырыңыз, мысалы онлайн өткізген уақытыңызды шектеу немесе ешбір технологиялық құрал қолданбайтын уақыт енгізу. Денеңіз бен санаңыз сізге алғыс айтуы мүмкін.

Қолданылған ақпарат «TRT World»  мақаласынан алынды.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us