“SpaceX” компаниясының “Starship” зымыраны тоғызыншы сынағы үшін ұшырылды. Бұл Илон Маск басқаратын компанияның ғаламаралық миссияларды қолдай алатын ғарыш кемесін жасауға бағытталған амбициялық жобасының бір бөлігі болып табылады. Алайда зымыран сынақ барысында бөлшектеніп кетті.
Бұл туралы компания хабарлады. Компанияның “X” әлеуметтік желісіндегі хабарламасында “Ұшу сынағының өзі қызықты болмағандай “Starship” жоспарланбаған сәтсіздікке ұшырады,” – деп айтылды.
“Командалар деректерді талдауды жалғастырып, келесі ұшу сынағына дайындық жұмыстарын жүргізеді.” деп хабарланды.
Компания “Мұндай сынақтарда жетістік тәжірибелерімізден келеді, ал бүгінгі сынақ “Starship-тің” сенімділігін арттыруға көмектеседі. “SpaceX” компаниясы өмірді көппланеталық етуге ұмтылуда,” – деп қосты.