САЯСАТ
2 минут оқу
БҰҰ Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленісте ұстамдылыққа шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленісті бейбіт жолмен шешу керектігін атап өтті.
БҰҰ Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленісте ұстамдылыққа шақырды
/ Reuters
25 Сәуір 2025

Біріккен Ұлттар Ұйымы Кашмирдің Үндістан басқаратын бөлігінде 26 адамның өмірін қиған қанды шабуылдан кейін Үндістан мен Пәкістанды аса сабырлылық танытуға шақырды.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Бас хатшы Антониу Гутерриштің соңғы 24 сағат ішінде бұл үкіметтермен тікелей байланыста болмағанын, бірақ жағдайды өте мұқият және үлкен алаңдаушылықпен қадағалап отырғанын айтты.

«Біз 22-сі күні Джамму мен Кашмирде болған және көптеген бейбіт тұрғынның өмірін қиған лаңкестік шабуылды сөзсіз айыптаймыз. Екі үкіметті де ұстамдылық танытуға, оқиғалардың одан әрі нашарлауына жол бермеуге шақырамыз», - деді Дюжаррик.

«Пәкістан мен Үндістан арасындағы кез келген мәселе мазмұнды және өзара диалог арқылы бейбіт жолмен шешілуі мүмкін және шешілуі керек», - деп қосты Дюжаррик.

26 адамның өмірін қиған шабуыл Үндістанды есеңгіретіп, халықтың ашу-ызасын тудырды. Ел өзінің бас дұшпаны санайтын Пәкістанға қарсы әрекетке шақыруды арттырды. Аймаққа 500 000-нан астам әскерін орналастырған Үндістан бұл шабуылдың Пәкістанмен трансшекаралық байланысы бар екенін мәлімдеді, бірақ бұл мәлімдемені растайтын ешқандай дәлел ұсынбады.

Ал Пәкістан бұл шабуылға қатысы бар екенін жоққа шығарды. Үндістанның «BJP» партиясына жақын БАҚ көздерінің хабарлауынша шабуыл үшін жауапкершілікті «Тойтарыс майданы» деген күдікті топ өз мойнына алған. Бірақ бұл мәлімдеме расталмады.

АҚШ жағдайды мұқият бақылауда

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс президент Дональд Трамптың Үндістанмен бірге екенін және барлық лаңкестік әрекеттерді айыптайтынын мәлімдеді.

«Президент Трамп пен хатшы Рубио бұл мәселені ашық айтты. Америка Құрама Штаттары Үндістанмен бірге және барлық лаңкестік әрекеттерді қатаң айыптайды. Біз қаза тапқандар үшін дұға етеміз және жараланғандардың сауығып кетуіне үміттенеміз. Бұл жан түршігерлік әрекетті жасағандарды жауапқа тартуға шақырамыз», - деді Брюс.

«Бұл тез өзгеретін жағдай және біз оны мұқият қадағалап отырмыз. Әрине біз қазір Кашмир немесе Джамму мәртебесіне қатысты ұстанымымызды мәлімдемедік. Бүгінгі мәлімдемем осы ғана», - деді Брюс.

Пәкістандағы наразылықтар

Бейсенбі күні Пәкістанның жүздеген азаматы Үндістанның қоқан-лоққыларына наразылықтарын білдіріп, Кашмирдің Пәкістан басқаратын бөлігінде өткен шерулерге қатысты.

Лахорда діни партия ұйымдастырған және 700-ге жуық адам қатысқан наразылық шарасында пәкістандық кәсіпкер Аджмал Балоч «AFP» агенттігіне берген сұқбатында «Егер Үндістан соғысты қаласа, оны ашық айту керек», - деді.

Үндістан екі көрші арасындағы суды бөлісуді реттейтін Үнді суы туралы келісімді тоқтататынын айтты, бірақ өзеннің Пәкістанға құйылуын толығымен шектеуі мүмкін емес.

25 жастағы Пәкістан азаматы Мохаммед Овайс «Су - біздің құқығымыз және Құдай қаласа, соғыс арқылы да оны қайтарамыз. Біз алған бетімізден қайтпаймыз», - деді.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us