Тайвань «Meta» компаниясына 512 мың доллардан астам айыппұл салды
Тайвань «Meta»-ға жалған жарнама және жеткіліксіз ашықтыққа байланысты екінші рет айыппұл салды.
Тайвань «Meta» компаниясына 512 мың доллардан астам айыппұл салды
/ Reuters
1 Шілде 2025

“Тайваньның «Цифрлық істер министрлігі «Facebook»-тің бас компаниясы «Meta Platforms Inc.»-ке жарнама беруші ақпаратының «ашықтығы жеткіліксіз болғаны» үшін $512 324 айыппұл салды”, - деп хабарлайды «Focus Taiwan».

Цифрлық істер министрлігі соңғы 23 жарнама берушіге қатысты ашықтықты қамтамасыз етпегені үшін «Мeta»-ға айыппұл салды. Билік өкілдері компанияның жарнама беруші, қаржыландырған адам немесе ұйым туралы ақпарат беруді талап ететін Алаяқтықтың алдын алу туралы заңын орындамағанын айтты.

Бұл - Тайваньдағы «Мeta»-ның дәл осындай мәселе бойынша екінші айыппұлы. 22 мамырда компанияға 35 мың доллар көлемінде айыппұл салынған болатын.

Тайваньдағы алаяқтық сипаттағы жарнамалардың негізгі көздерінің бірі ретінде «Facebook» танылып отыр.

2024 жылдың аяғында «CommonWealth» журналында жарияланған Ғаламдық анти-алаяқтық альянсының сауалнамасына сәйкес, тайваньдық респонденттердің 60%-ынан астамы «Meta» платформасында алаяқтық хабарламаларға тап болғанын айтты.

«Focus Taiwan» мәліметтері бойынша, «Мeta» 2024 жылдан бері тексеру процесін күшейтіп, пайдаланушылар растамайынша жарнамалар жариялауына жол бермейтінін білдірді.

Компания 2024 жылы платформаларынан 146 000-нан астам жарнама аккаунтын және 1,6 миллион жалған жарнаманы жойғанын мәлімдеді.

«Мeta» ашықтықты арттыруды жалғастыратынын және платформа қауіпсіздігін жақсарту үшін Цифрлық істер министрлігі және Қылмыстық тергеу бюросымен бірлесіп жұмыс істейтінін білдірді.

«Мeta»-ға мәселені шешу үшін 30 күн берілді, әйтпесе жаңа айыппұл салынуы мүмкін.

Іздеу
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
Сауд Арабиясы мен Индонезия энергетика және өнеркәсіп келісіміне қол қойды
Илон Масктың «Starlink» компаниясы Шри-Ланкада интернет қызметін іске қосты
Түркия экспортта тағы бір табысқа жетті
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
АҚШ Қытайдың екі азаматын тыңшылық жасады деп айыптады
Трамптың 9 шілдедегі тарифтері күшіне енбей тұрып, елдер сауда келісімдерін жасауға тырысып жатыр
Пәкістан мен Үндістанда муссон жаңбырлары мен кенеттен болған сел салдарынан 73 адам қаза тапты
Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Әзербайжан мен Ресей арасында дипломатиялық шиеленіс
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ Сириядағы "Хайят Тахрир аш-Шам" тобын террорлық ұйымдар тізімінен шығаруды қарастыруда
Қытай Коммунистік партиясының мүшелер саны 100 миллионнан асты
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Түркия орман өртімен күресуде
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us