Президент «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылмай, түркі әлемі «толық емес» деді.
Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Венгрияның астанасы Будапештте өткен Түрік Мемлекеттері Ұйымының бейресми саммитінде «Түркі әлемінің отбасылық бейнесі Солтүстік Кипр Түрік Республикасы болмайынша ешқашан толық емес», - деді.
2022 жылдың қарашасында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Самарқанд саммиті кезінде Ұйымның бақылаушы мүшесі ретінде қабылданған болатын.
Сондай-ақ Ердоған Орта дәліздің шығыс пен батыс арасындағы негізгі бағыт екенін айтып, бұл жолдың сәтті болуы үшін Түркі Мемлекеттері Ұйымы аясында ынтымақтастықты күшейтуге шақырды.
Аймақтық қақтығыстарға тоқталған президент «Бұрын Кипр, Қарабах, Боснияда, бүгін Газада болып жатқан қайғылы оқиғалар шекарамыздың тысында болып жатқан оқиғаларды да ескеру қажет екенін еске салады»,- деді. Ердоған Украинада жалғасып жатқан соғысқа қатысты «Атысты тоқтату және әділ бейбітшілік орнату үшін екі елмен де (Ресей-Украина) қарқынды байланысты жалғастырамыз» деді.