САЯСАТ
1 минут оқу
«Нью-Йорк Таймс»: «АҚШ Сириядан жүздеген әскерін шығара бастады»
«Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарына қарағанда, әскерилер өзінің сегіз шағын операциялық базасының үшеуін жауып, әскер санын шамамен 1400-ге дейін қысқартуда.
«Нью-Йорк Таймс»: «АҚШ Сириядан  жүздеген әскерін шығара бастады»
/ AP

«Нью-Йорк Таймс» АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығысынан жүздеген әскерін шығара бастағанын хабарлады.

Газет АҚШ-тың екі жоғары лауазымды билік өкілінің сөзіне сілтеме жасап,  бейсенбі күні әскерилер солтүстік-шығыстағы сегіз шағын операциялық базасының үшеуін жауып, әскер санын 2000-нан 1400-ге дейін қысқартқанын хабарлады.   АҚШ қолбасшылары 60 күн ішінде қосымша қысқартуларды талқылайды. Бір билік өкілінің мәлімдемесіне қарағанда қолбасшылар Сирияда кем дегенде 500 әскер қалдыруды ұсынады.

Мақалада президент Дональд Трамптың АҚШ әскерлерінің Сирияда қалуына қатты күмәнданатыны айтылған. Трамп қаңтар айының соңында жасаған мәлімдемесінде америкалық күштердің шығарылатыны туралы есептен кейін «Біз Сириядағы әскерлерге баға береміз»,- деген болатын.

«Кім айтқанын білмеймін, бірақ біз бұл мәселеге баға береміз», - деді Трамп.

Трамп Ақ Үйде журналистерге «Біз Сирияға араласып жатқан жоқпыз. Сирия өз күнін өзі көрсін. Ол жақта жағдай күрделі. Оған бізді араластырудың қажеті жоқ», - деді.

«Нью-Йорк Таймс» газеті қазір жүргізіліп жатқан қысқартулар дала командирлерінің базаларды жабу және нығайту жөніндегі ұсыныстарына негізделгенін және Пентагон мен Орталық қолбасшылық тарапынан  мақұлданғанын хабарлады.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us