Жапонияда "Twitter қанішерінің" өлім жазасы үкімі орындалды
Адвокаттары берген апелляциялық шағымын қайтарып алғаннан кейін оның өлім жазасы 2021 жылы заңды күшіне енген болатын.
Жапонияда "Twitter қанішерінің" өлім жазасы үкімі орындалды
/ AP
7 сағат бұрын

Жапон баспасөзінің жұма күні таратқан ақпаратына сәйкес, 2017 жылы тоғыз адамды өлтіргені үшін сотталған ер адамға қатысты өлім жазасы Жапонияда орындалды.

Kyodoақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапонияда "Twitter қанішері" деген атпен танылған Такахиро Шираиcидің өлім жазасы оның қорғаушылары берген апелляциялық өтінішті кері қайтарғаннан кейін 2021 жылы түпкілікті бекітілген.

Шираиcи құрбандарын алдау үшін Twitter желісін пайдаланған. Ол интернетте өз-өзіне қол жұмсау туралы жазған адамдарға "өлуге көмектесу" немесе олардың өз-өзіне қол жұмсауын "тамашалау" ұсынысын жасаған.

Шираиcи Токиоға жақын орналасқан пәтерінде құрбандарын өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешіміне сәйкес, ол 2017 жылдың тамызының соңы мен қазанының соңына дейін 15 пен 26 жас аралығындағы сегіз әйел мен бір ер адамды үйіне шақырып, тұншықтырып өлтірген және мәйіттерін бөлшектеген.

Сондай-ақ оның барлық әйел құрбандарына жыныстық зорлық көрсетіп, ақшаларын ұрлағаны да анықталды.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us