САЯСАТ
2 минут оқу
Халықаралық белсенділер Газаға жол тартты, Израиль тосқауыл қоюға дайындалуда
Израиль Газа қоршауын бұзуды көздейтін және гуманитарлық көмек алып бара жатқан халықаралық кемені тоқтатуды жоспарлап отыр.
Халықаралық белсенділер Газаға жол тартты, Израиль тосқауыл қоюға дайындалуда
/ Reuters
3 Маусым 2025

Израиль қоршаудағы Газаға бет алған халықаралық белсенділер бар кемені тоқтатуға дайын екенін хабарлады. Бұл бастама Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан ушыға түскен гуманитарлық дағдарыс аясында Газаға жасалған қоршауға қарсылық білдіруге арналған.

Әскери радио дүйсенбі күні Израиль әскери-теңіз күштері Сицилиядан шыққан Газа флотилиясы науқанының бір бөлігі саналатын “Madleen” атты желкенді кеменің келуіне дайындалып жатқанын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, 12 адамдық экипаж мінген кеме «теңіз қоршауын бұзуды» мақсат етеді.

Бұл миссияны ұйымдастырған “Freedom Flotilla” коалициясы жасаған мәлімдемеде “Madleen” кемесі «адам құқықтарын қорғаушыларды және гуманитарлық көмек алып бара жатқан азаматтық кемені» білдіретіні, сондай-ақ Израильдің «заңсыз әрі геноцид сипатындағы қоршауына тікелей қарсылық» болып саналатыны айтылды.

Жолаушылардың арасында Франция-Палестина текті Еуропарламент депутаты Рима Хассан сияқты әртүрлі елден келген еріктілер бар. Кеме Газа халқының азаматтық тұрғындары үшін аса қажетті cәбилерге арналған ұнтақ қоспалары, ұн, күріш, балалар жаялығы, әйелдерге арналған гигиеналық құралдар, су тазарту жиһаздары, медициналық жабдықтар, балдақ пен балаларға арналған протездер сияқты гуманитарлық жүкті тасымалдауда.

«Бұл —азаматтық бейбіт қарсылық әрекеті» деп атап көрсеткен коалиция «Madleen» кемесіндегі барлық ерікті мен экипаж мүшелері бейбіт қарсылық бойынша арнайы дайындықтан өткенін»  мәлімдеді.

Кеменің шамамен бір апта ішінде Газа жағалауына жетуі жоспарланды, алайда Израиль күштері тарапынан тоқтатылу қаупі өте жоғары.

Бұл сапар коалицияның мамыр айының басында жасаған әрекетінің жалғасы саналады. Ол кезде “Vicdan” флотилия кемесі Израильдің пилотсыз ұшақтарының шабуылына ұшыраған болатын. Шабуыл салдарынан кемеде өрт шығып, корпусында тесік пайда болғаны хабарланған.

Ал Газа медиа кеңсесі Израильді Газа халқының 2,4 миллион тұрғынын жерінен ығыстыру үшін аштықты қару ретінде пайдаланып отыр деп айыптады. Кеңсенің мәлімдеуінше, Израиль 2 наурыздан бері барлық шекара өткелдерін жауып, әсіресе азық-түлік көмегін өткізуге тосқауыл қойған.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us