«OpenAI»-дың медиа компаниялармен келісімдері журналистерді жаңылтуы мүмкін бе?
«New York Times» «OpenAI»-ды мақалаларын чат-боттарды оқытуда пайдаланғаны үшін сотқа берді, ал «Axel Springer», «Associated Press» және «News Corp» сияқты медиа компаниялар жасанды интеллект (ЖИ) компаниясымен келісімдерге қол қойды.
«OpenAI»-дың медиа компаниялармен келісімдері журналистерді жаңылтуы мүмкін бе?
10 соат олдин

Медиа компаниялар мен журналистер қиын таңдау алдында: не жасанды интеллект компанияларымен серіктес болады немесе материалдарының басқа жолдармен ЖИ компаниялары тарапынан ұрлануына көз жұмады.

Мурдок әулетінің трансұлттық медиа-компаниясы «News Corp» OpenAI-мен келісім жасаған соңғы компания болды және «ChatGPT» пайдаланушыларының сұрақтарына жауап ретінде жаңалықтар материалдарын пайдалануға рұқсат берді.  

Бұл келісім «ChatGPT» және басқа да  ЖИ құралдарына, мәселен мәтіндік нұсқаулармен шынайы және шығармашылық видеолар жасай алатын ЖИ моделі «Sora»-ға «News Corp»-тың көлемді жарияланымдарының ағымдағы және мұрағатталған мазмұнына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

ЖИ компаниялары мен технология алпауыттарының журналистиканы бөлісуі жаңалықтардың болашағына қалай әсер етуі мүмкін?

«Бұл келісім «News Corp»-қа контентін ЖИ модельдерін оқыту арқылы табыс табуға мүмкіндік береді, бірақ «OpenAI»-дың осы келісім бойынша төлейтін сомасы деректердің құнымен салыстырғанда көп емес», - дейді Сидней университетінің цифрлық коммуникация және мәдениет профессоры, Австралиялық зерттеу кеңесі серіктестігінің (ARC) лауреаты Терри Флю «OpenAI»-дің соңғы серіктестері туралы «TRT World»-ке жасаған мәлімдемесінде.

«OpenAI» және «Google» сияқты басқа да компаниялар үшін заңды түрде сенімді деректерге қол жеткізу мәселесі және неғұрлым жетілген жұмыс үлгісінің қажеттілігі бірінші орында», – дейді Терри Флю.

Екі компания да «OpenAI»-дың соңғы келісімінің қаржылық егжей-тегжейлерін мәлімдемеді, бірақ «News Corp»-қа тиесілі «Wall Street Journal» мәліметіне қарағанда келісім бес жыл ішінде 250 миллион доллардан асуы мүмкін және ЖИ технологиясын пайдалану үшін қолма-қол ақша мен несие түрінде өтемақыны қамтуы мүмкін.

Сонымен қатар «News Corp» АҚШ-та «MarketWatch» және «New York Post»,  Австралияда «The Daily Telegraph», news.com.au және «The Australian», сондай-ақ Ұлыбританияда «The Sun», «The Sunday Times» және «The Times» басылымдарына иелік етеді.

Өткен аптада жарияланған көпжылдық келісім ЖИ компаниясының 29 сәуірде Лондонда орналасқан «Financial Times» газетімен жасанды интеллектті оқытуды дамытуға арналған контентті лицензиялау келісімінен кейін жасалған. Басқа медиа компаниялар соның ішінде «Axel Springer» Politico»-ның басты компаниясы «Associated Press», Испанияның «Prisa Media» және Францияның «Le Monde da» басылымдары ұқсас келісімдер  жасады.

Колумбия университетінің журналистика бөлімінің деректер журналистикасы профессоры Джонатан Сома «TRT World» арнасына берген сұқбатында «Жаңалықтар ЖИ компаниясы үшін таза алтын сияқты», - деді.  «Оларды адамдар жазады және олар чат-боттар білетін шектеулі мәліметтен кейін ең жаңа ақпарат болып табылады. Көптеген адам дәл осы ақпаратты білгісі келеді.Егер медиа компаниялар осындай құнды тауарды сататын болса, бағаны өте жоғары қоюы керек»,- дейді.

 Сома ЖИ журналистиканы алмастырады деп ойламайды, оның орнына «журналистикаға жабысқан дерт» болатынын айтады. «БАҚ өкілдерінсіз ағымдағы оқиғаларға қатысты чат-боттардың  жазатын, жариялайтын, жауап беретін ештеңесі болмас еді», - деп қосады Сома.

«Мәселе бұл серіктестіктердің медиа компанияларға түпнұсқа журналистиканы жасауға қажетті күш-жігерге сәйкес келетін табыс әкеле ме жоқ па? «OpenAI» «News Corp» және басқа да медиа компаниялардың материалдарының қаншалықты құнды екенін білмейді және бұл құнды материалдар үшін  ақы төлегісі келмейді деп ойлаймын», - дейді профессор Сома.

«New York Times» және «Chicago Tribune» сияқты көптеген компания мақалаларын ЖИ-ді оқыту мақсатында пайдаланғаны үшін «OpenAI» және «Microsoft»-қа қарсы сотқа шағым түсірді.

«ChatGPT» сияқты ЖИ құралдары «Microsoft» корпорациясының «Copilot»-ы және «Google» компаниясының «Gemini»-cі сияқты ЖИ құралдары үлкен тілдік модель (LLM) арқылы көлемді интернет мәтінін талдайды және сөйлемдегі келесі сөзді болжайды. Бұл оларға адамның сөйлеуі мен жазуын имитациялауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіз медиа зерттеулері және саяси сараптама мекемесінің БАҚ және журналистерді зерттеу орталығының директоры Мариус Драгомир ЖИ компанияларымен ынтымақтасатын журналистер үшін реттеудің маңыздылығын атап өтеді. Мұндай серіктестіктер коммерциялық пайда әкелсе де барлық материал жоғары сапа мен дәлдік стандарттарына сәйкес келмейді.

Драгомир «TRT World» арнасына берген сұқбатында медиа секторын анықтайтын елеулі теңсіздіктер бар екенін және бұл кейбір медиа нарығында «иелерінің мүдделеріне қызмет ететін» жаңалықтардың таралуына әкелуі мүмкін екенін айтты. «Кейбіреулер үлкен билікке ие болса, басқалары үкімет қолдайтын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан үгіт-насихат пен жалған ақпарат арқылы бақыланады», - дейді.

«News Corp» жағдайында кейбір бұқаралық ақпарат құралдары таблоидтық және әрқашан дәл бола бермейтін төмен деңгейлі мазмұнымен танымал. Сондықтан кейбір сұрақтар туындайды: бұл материал адамдардың ЖИ-ға қоятын барлық сұрағына «дұрыс» жауап ретінде көруге бола ма?» - деп сұрайды Драгомир.

Колумбия университетінің журналистика бөлімінің профессоры Соманың айтуынша чат-боттар галлюцинацияға бейім және редакциялық қателер жібереді.

 «Бір ЖИ үшін бір мақаланы алып, оған мүлдем қате түйіндеме беру оңай – «Google»-дың генеративті іздеу нәтижелерімен болған соңғы оқиғаға қараңыз.  Бұл ЖИ нәтижелері шындықты түсіне алмайтын және жалған ақпарат тудыратын орта  болуы мүмкін» , - дейді ол.

«Media CoPilot»-тың негізін қалаушы Пит Пачал «OpenAI» мен «News Corp» арасындағы серіктестікті «жаңа кезең сияқты» қабылдағанын айтады.

«New York Times» желтоқсанда «OpenAI»-ге қарсы авторлық құқықты бұзу туралы сотқа шағым түсіргенде, жаңалықтардың болашағы белгісіз еді. Бірақ «AP» және «Axel Springer» сияқты ірі медиа компаниялармен жасалған келісімдер және жақында жасалған «News Corp» келісімі негізінде материал келісімдері болашақта қалыпты болады деп ойлаймын», - дейді Пачал.

«New York Times» газеті сот ісінде бірнеше шағын одақтас тапты, бірақ көп емес. Алайда «Times»-тың пайдасына болатын шешім толығымен жағдайды өзгертуі мүмкін», - дейді ол.

«Стратегиялық тұрғыдан бұл келісімдер ақылға қонымды, өйткені медиа компаниялар қысқа мерзімде қажетті табысты ала алады, ал ұзақ мерзімді перспективада олай болмауы мүмкін. Өйткені ЖИ компанияларына «ЖИ қысқаша ақпараты үшін тұтынушы қарым-қатынасына иелік ету рұқсаты беріледі», - дейді.

Пачалдың айтуынша, «Google» - «бұл өзекті мәселеде үлкен ойыншы». Медиа компаниясының технология компаниясының ЖИ-мен жасаған қорытындыларын іздеу жүйесінің жоғарғы жағында нормаға айналуы қаралым көрсеткішін жоғалтады.

«Материал бойынша «Google»-мен ешқандай келісім болмайды», - деп түсіндіреді Пачал, «Өйткені «Google» дұрыс немесе бұрыс болсын ЖИ нәтижелерін жылдар бойы жасаған веб-сканер кеңейтімі ретінде көреді».

Сондай-ақ «OpenAI»-мен жасалған келісімдердің ең үлкен нәтижесі - ЖИ іздеудің болашағы үшін күресте «OpenAI»-ді қолдауда журналистерді шақырады, өйткені «Google» жеңсе, барлық қаражат тез жұмсалып кетеді», - дейді Пачал.  

Қарапайым пайдаланушылар журналистер мен медиа компанияларға емес, адамның сұрақтарына тікелей жауап беретін үлкен технологиялық чат-боттарға көбірек сенетін болса, бұл жаңалықтардың болашағына алаңдаушылық тудыруы мүмкін.

Британдық Колумбия университетінің журналистика бөлімінен Альфред Хермида жаңалықтар сайттары материалдарының жылдам жаңаруын қалайтын қарапайым оқырманын жоғалтуы және бұл ұзақ мерзімді перспективада қаралымның жоғалуына әкелуі мүмкін екенін айтады.

«Бұл хабар агенттіктері үшін құнды табыс көзі болып табылады, бірақ олар ұзақ мерзімді перспективада зиян келтіруі мүмкін. Өйткені ЖИ жүйелерін медиа материалдармен оқыта алады. «News Corp»-пен жасалған келісімдер «OpenAI» үшін маңызды, өйткені олар ЖИ компаниясын оқу материалдарымен қамтамасыз етеді», - дейді Хермида.

«Егер «ChatGPT» сияқты жүйелер сапалы жаңалықтарды шығаруды үйренсе, бұқаралық ақпарат құралдарының не болатыны белгісіз».

Бұл серіктестік «News Corp»-тың аудиториясына әдетте жаңалықтарға көз жүгіртпейтіндерді де қосып, аудиториясын кеңейтуі мүмкін. Бірақ Хермида бұл брендтердің оқырмандарды көбейтіп, көбейтпеуі де белгісіз дейді.

«Әлеуметтік желіден алынған материалдардың дереккөзі «Facebook» сияқты әлеуметтік желі болса бұл брендтерге адалдықты қалыптастырмайтынын көрсетеді», - дейді Хермида медиа компаниялар мен ЖИ компаниялары арасындағы келісімдерді «екі ұшы өткір қылыш» деп сипаттап.

«Мәселе мынада, медиа компаниялар «Facebook»-қа қарағанда ЖИ компанияларына көбірек тәуелді болады», - дейді Хермида. Бұл материалдардың сапасы және ЖИ арқылы жасалған іздеу жолағын қолданушылардың тәжірибесі адамдар үшін ақпарат алудың негізгі көзі бола ма, жоқ па, соны анықтайды.   

Амстердам университетінен Эрик Борра «Пайдаланушылар жаңалықтар материалына қол жеткізу және тұтыну тәсілін өзгертуге дайын болуы керек»,-  дейді.

«Бәлкім пайдаланушылар хабар агенттіктерінің сайттарына кірмейтін шығар. Агенттіктер үшін қандай жаңалықтың танымал екенін қадағалап отыру қиынырақ болады және олар бұдан былай жарнама қоя алмайды. (әдетте көбірек оқылым көп ақшаны білдіреді). Жеке жазылымдар да қысқаруы мүмкін», - дейді Борра.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us