9 сағат бұрын
Орталық Африка Республикасының астанасы Банги қаласындағы орта мектепте болған жарылыс пен одан кейінгі дүрбелең салдарынан кем дегенде 29 оқушы қаза тауып, 250-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Елдің Білім беру министрлігі жарылыс сәрсенбі күні Бартелеми Боганда атындағы орта мектепте электр трансформаторының істен шыққаннан кейін қайта іске қосылуы кезінде болған деп мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, құрбандардың көпшілігі, оның ішінде 16 қыз бала, жарылыс салдарынан болған дүрбелең кезінде оқиға орнында қаза тапқан, ал қалғандары ауруханада көз жұмған. Кем дегенде 260 адам жарақат алып, әртүрлі ауруханаларда ем қабылдап жатыр.