Түркия ұйымдастырған бейбіт келіссөздерден кейін екі тараптың ресми өкілдері Украина мен Ресейдің Стамбулда 2022 жылдың ақпанында соғыс басталғаннан бергі тұтқын мен мәйіт алмасу туралы маңызды келісімге келгенін растады.
Украина Қорғаныс министрі Рүстем Умеров дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында «Біз ауыр жараланған және ауыр науқасқа шалдыққан әскери тұтқындарды айырбастау келісіміне келдік. Екінші санатта 18-25 жас аралығындағы жас сарбаздар бар. Сонымен қатар біз 6 мың сарбаздың денесін қайтару туралы келістік», - деді. Умеров келісімнің бекітілген сандарға емес, нақты санаттарға бағытталғанын, бірақ оның адами өлшемі анық екенін атап өтті.
Умеров Киевтің талаптарын қуаттап «Біз барлық тұтқындарды босатуды және барлық тұтқындар мен ұрланған балаларды қайтаруды талап етеміз»,- деді.
Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский де келісімді растап, «Мәскеу мен Киев 18 бен 25 жас аралығындағы ауыр жараланған жас сарбаздарды қамтитын көлемді тұтқын алмасу туралы келісті», - деді.Ол Мәскеудің 6 мың украиналық сарбаздың мәйітін қайтаратынын айтты.
Тағы бір кезең
Келісім Түркияның арағайындық әрекеттерімен екі тарапты тағы бір рет жақындастырған Стамбулдағы Чыраган сарайында келіссөздердің екінші кезеңінде пысықталды.
Украина президенті Владимир Зеленский «Мәскеу мен Киев әскери тұтқын алмасудың жаңа кезеңін өткізуге келісті»,- деді.
Литва астанасы Вильнюстегі баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Зеленский Стамбулдағы Чыраган сарайында өткен кездесуде делегациялардың Түркия арқылы құжат алмасқанын айтты. «Біз тұтқындарды босатуға дайындық жүргізіп жатырмыз», - деді ол.
Анкара соғыстың алғашқы апталарынан бері Анталиядағы маңызды кездесулерді, Стамбулдағы Долмабахче президенттік кеңсесін қоса алғанда ірі дипломатиялық жиналыстарды ұйымдастырды.