Палестиналық тойтарыс тобы Хамас Газадағы геноцидті тоқтату мақсатында Израильге қысым көрсету үшін әлемді үш күндік наразылық шерулеріне шақырды. Бұл үндеу Израиль шабуылының 600-ші күнінде жасалды.
Израильдің Газадағы қырғынына 600 күн толды. Израиль шабуылдарынан шамамен 54 000 адам қаза тауып, 123 000-ға жуық адам жарақат алды. Олардың көбісі әйелдер мен балалар.
Хамас ұйымы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында бүкіл әлемді геноцид пен ашаршылық қылмысын айыптап, Газа секторы, Иерусалим және қасиетті Әл-Ақса мешітіне қолдау көрсетуге шақырды.
Сонымен қатар мәлімдемеде Газада халыққа қарсы жасалған шабуылдар, геноцид және аштыққа қарсы әлем қалаларының алаңдарында әр түрлі жаһандық әрекеттердің арттырылуы талап етілді.
Израиль 2 наурыздан бері Газаға азық-түлік, дәрі-дәрмек және гуманитарлық көмек жібермеді. Үкіметтік ақпарат көздері, Адам құқықтарын қорғау топтары және халықаралық есептерге қарағанда бұл аймақтағы онсыз да тереңдеп бара жатқан гуманитарлық дағдарысты ушықтырды.
Израиль шабуылдары Газа тұрғындарының барлығын дерлік ығыстырып, аймақтағы құрылымдардың көпшілігін қиратты.
Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газада жасаған соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер берген болатын.
Израиль сонымен қатар бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс қылмыстары үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.