"SpaceX" Халықаралық ғарыш станциясына экипаж жіберді
NASA екі экипаж арасында ауысымды жүзеге асырады. Ғарыш станциясында қалып қойған экипаждың орнына жаңа экипаж барады.
"SpaceX" Халықаралық ғарыш станциясына экипаж жіберді
/ Reuters
18 Наурыз 2025

“NASA”-ның екі ғарышкерін алмастыратын жаңа экипаж Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылды, бұл олардың тоғыз айлық ұзақ миссиясынан кейін оралуына жол ашты.

“NASA”-ның Халықаралық ғарыш станциясында қалған екі ғарышкерге жіберген қосымша экипажы “SpaceX”-тің “Falcon 9” зымыранымен жұма күні сағат 19:03-те “NASA”-ның Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылды. Жаңа экипаж станцияда тоғыз ай қалған Батч Уилмор мен Суни Уильямсты ауыстырады. Осылайша ескі экипаж Жерге қайта оралады. Жаңа экипаж сенбі күні түнде ғарыш станциясына жетеді деп күтілуде.

“NASA” Уилмор мен Уильямстың жаңадан келетін астронавттарға ХҒС-дағы жағдайды таныстыру үшін екі команданың қысқа уақытқа бірге жұмыс істегенін қалайды. Ауа райына байланысты Уилмор мен Уильямс келесі аптада станциядан шығып, Флорида жағалауына қонады.

Екі ғарышкерді өткен қыркүйекте “SpaceX”-тің құтқару миссиясымен ғарышқа жіберілген ғарышкерлері Жерге қайтарады. Олардың оралу рейсінде Уилмор мен Уильямсқа арналған екі бос орын сақталған.

Жаңа экипаж Халықаралық ғарыш станциясында қызметін бастайды

“NASA”-ның Кеннеди ғарыш орталығынан сәтті ұшырылған жаңа экипажының құрамы:

Энн МакКлейн (NASA) - әскери ұшқыш

Никол Эйерс (NASA) - әскери ұшқыш

Такуя Ониши (Жапония) - әуе компанияның бұрынғы ұшқышы

Кирилл Песков (Ресей) - әуе компанияның бұрынғы ұшқышы

Бұл экипаж Уилмор мен Уильямс ғарыш станциясынан шыққаннан кейін станцияда алты ай қызмет атқарады.

«Ғарышқа ұшу қиын, бірақ адамзат одан да мықты», – деді МакКлейн ұшу басталғаннан бірнеше минут өткен соң.

Ғарышта айлар бойы қалып қойған ғарышкерлер

“Boeing” компаниясының жаңа “Starliner” капсуласын сынақтан өткізуші ұшқыштар ретінде Уилмор мен Уильямс 5 маусымда Канаверал мүйісінен ұшырылғаннан кейін ғарышта бір апта ғана боламыз деп жоспарлаған болатын. Алайда гелийдің бірнеше рет ағып кетуі және қозғалтқыштардың істен шығуы олардың ғарыш станциясына сапарын қиындатты. “NASA” мен “Boeing” бұл мәселелерді зерттеуге бірнеше ай жұмсады.

“NASA” қауіпті деп шешіп, өткен қыркүйекте “Starliner”-ді бос қайтаруға шешім шығарды. Ал Уилмор мен Уильямсты ақпан айында оралуы тиіс “SpaceX” рейсіне ауыстырды. Олардың оралуы “SpaceX”-тің жаңа капсуласының батареяларын жөндеуге байланысты тағы да кейінге қалдырылды. Процесті жылдамдату үшін “SpaceX” қолданылған капсуланы пайдаланып, Уилмор мен Уильямстың үйге оралуын наурыздың ортасына жылжытты.

Бұл процесс әлем назарын аударды. Әсіресе АҚШ президенті Дональд Трамп пен “SpaceX” басшысы Илон Маск ғарышкерлердің оралуын жеделдетуге уәде беріп, алдыңғы әкімшілікті кінәлады.

Ғарыш станциясында бұрын да қызмет еткен зейнеткер әскери капитандар Уилмор мен Уильямс “NASA” басшыларының шешімдерін қолдайтынын бірнеше рет атап өтті. Екеуі жаз бойы станцияның жұмысын тоқтатпай, бұзылған әжетхананы жөндеп, өсімдіктерге күтім жасап, түрлі ғылыми тәжірибелер жүргізді, тіпті бірге ғарышқа шықты. Уильямс тоғыз рет ғарышқа шығып, әйелдер арасында жаңа рекорд орнатты.

Ғарышкерлердің ғарыштағы миссиясы және отбасыларына сағынышы

Уилмор мен Уильямс бірнеше ай бойы күту өздеріне қарағанда отбасыларына қиын болғанын айтады. Уилмордың әйелі мен екі қызы және Уильямстың жұбайы мен анасы олардың Жерге оралуын тағатсыздана күтуде. Уилмор қайтып келгенде шіркеудегі жамағатпен жүздесуді, ал Уильямс екі лабрадор итімен серуендеуді асыға күтетінін айтты.

Уильямс бұл ұзаққа созылған миссия жаңа мүмкіндік ретінде бағалады.

«Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз. Бұл миссия біршама назар аударды. Әрине оның жақсы және жаман жақтары бар. Бірақ менің ойымша ең жақсы тұсы ғарышты зерттеуге деген қызығушылықтың артуы», - деді ол.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us