Литва парламенті бейсенбі күні қабылдаған жаңа заң бойынша айқын себепсіз, әр үш ай ішінде бір реттен артық Ресей немесе Беларусь еліне барған Ресей азаматтарының тұруға рұқсаттарын жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы “LRT” қоғамдық арнасы хабарлады.
Алайда парламент аталған шараны Беларусь азаматтарына қолданудан бас тартып, бастапқы ұсынысты жұмсартты.
Хабарда Литва барлау қызметтері Беларусь азаматтарына қатысты елге кіру шектеулерін күшейтуді ұсынғаны, бұның себебі жаңадан келгендердің барлығын қауіпсіздік тұрғысынан тексеруден өткізе алмағаны туралы айтылғаны еске салынды.
Литва 2023 жылы қабылдаған заңға сәйкес, Сыртқы істер министрлігі арқылы өтініш бергендерді қоспағанда Ресей және Беларусь азаматтарының Шенген визасы мен ұлттық визаға өтініштерін қабылдауды тоқтатқан болатын.
Осы шаралар арқылы Литва Украинаға қолдау көрсетуді және агрессор елдер ретінде танылған Ресей мен Беларусь азаматтарының кейбір құқықтарын шектеуді көздеп отыр.