“Microsoft” компаниясының меншігіндегі әйгілі интернет арқылы сөйлесу және қоңырау шалу қызметі “Skype” шамамен 22 жылдық қызметінен кейін дүйсенбі күні жұмысын тоқтатады.
“Skype” алғаш рет инженерлер тобының бастамасымен жасалған болатын, ал “Microsoft” бұл танымал қолданбаны 2011 жылы сатып алды. Биыл 28 ақпанда “Microsoft” “Skype” қолдану мерзімінің соңына жеткенін ресми түрде хабарлады.
Компания пайдаланушыларға “Skype” тіркелгі деректерімен “Microsoft Teams Free” жүйесіне кіруді ұсынып отыр. Бұл арқылы барлық сұхбат пен байланыстарды табуға болады. Сонымен қатар “Teams” арқылы жеке сөйлесу, топтық қоңыраулар, хабарлама жазу және файл алмасу сияқты “Skype”-тағы негізгі функциялар да сақталады.
Қосымша хабарламада мынадай мәлімет берілді: «2025 жылдың 5 мамырынан кейін “Skype” пернетақтасы “Skype” веб-порталы және “Teams” арқылы кейбір ақылы пайдаланушылар үшін қолжетімді бола береді.»