117 танкты «Hyundai Rotem» шығарса, қалғанын Польшаның мемлекеттік «PGZ» компаниясымен бірлесіп шығарады. «Yonhap News» агенттігі мемлекеттік ақпарат көздеріне сілтеме жасап, «Оңтүстік Корея осы айдың соңында Польшаға құны шамамен 6 миллиард доллар болатын қосымша «K2 Black Panther» танктерін экспорттау туралы қорғаныс келісімін аяқтамақшы», - деп хабарлады. Бұл келісім Сеулдің бүгінгі күнге дейінгі ең ірі жалғыз қару экспорты болмақ.
Қорғаныс өнеркәсібі өкілі «Yonhap» агенттігіне берген мәлімдемесінде қол қою рәсімінің осы айдың соңында Польшада өтетінін растады.
Келісімге сәйкес Польша 180 дана «К2» танкісін алады, оның 117-сі Оңтүстіккореялық қорғаныс компаниясы «Hyundai Rotem Co» тарапынан, ал қалғаны Польшаның мемлекеттік қорғаныс компаниясы «PGZ» тарапынан шығарылатын болады.
Қауіпсіздік мәселелері
Бастапқыда келісім 2023 жылдың соңында жасалады деп күтілген, бірақ екі елдегі саяси оқиғаларға, әсіресе Оңтүстік Кореядағы әскери жағдай енгізу әрекетінің сәтсіз аяқталуына байланысты кейінге қалдырылды.
Бұл келісім Ресей-Украина соғысына байланысты жалғасып жатқан қауіпсіздік мәселелерінен Польшаның әскери әлеуетін нығайтуға бағытталған күш-жігерінің бір бөлігі.
2022 жылы Варшава Оңтүстік Кореямен қорғаныс саласында бірқатар келісімге қол қойды. Оған «К2», «K9 Thunder» және «FA-50» жеңіл шабуылдау ұшақтарын сатып алу кіреді.