Түркияның Дін істері басқармасы қажылық сапары кезінде түрік қажыларына жан-жақты қызмет көрсету үшін үлкен топты жұмылдырды.
Сәрсенбі күні Меккеде өткен баспасөз мәслихатында басқарма басшысы Али Ербаш биыл Түркиядан Сауд Арабиясына қажылыққа 84,942 қажының жіберілгенін мәлімдеді.
Түрік қажыларының басым бөлігі қазірдің өзінде Мекке мен Мәдинаға жетті, ал қалғандары алдағы күндері қасиетті қалаларға келмек. Түрік қажыларының орташа жасы 60-ты құрайды, бұл рухани сапарға қатысушылардың ересек жаста екенін көрсетеді.
Ербаш қажылықты «қиын, бірақ терең мағыналы ғибадат» деп сипаттап, басқарманың қажыларға бағыт-бағдар беру, денсаулық сақтау және логистикалық қолдау салаларында кең ауқымды дайындықтар жүргізгенін атап өтті.
Ол діни бағыт-бағдар беру, денсаулық сақтау, тұру, көлік және байланыс қызметтерін қамтитын кең қолдау инфрақұрылымын баяндады. Жалпы 71 білікті ғалым және 418 әйел діни жетекші иршад (рухани бағыт-бағдар) қызметтерін жүргізу үшін, сондай-ақ 392 топ жетекшісі мен қажыларға қызмет көрсету үшін 1,840 мүше жұмылдырылған.
«Біз қажылықты тек ғибадат қана емес, сонымен бірге терең білім беру және рухани өсу сапары деп санаймыз», – деді ол. «Әрбір қажы жеке және қауымдық өсу тәжірибесін алып қайтқанын қалаймыз».
Қажылықтың ең маңызды бөліктерінің бірі Арафатқа дайындықтар аяқталған. Ербаш салқындатқышы бар шатырлардың орнатылғанын және ауру немесе егде жастағы қажыларға қызмет көрсету үшін уақытша аурухана құрылғанын айтты.
«Біздің уақытымыз қысқа болғанымен, егде жастағы және дене мүмкіндігі шектеулі қажылардың медициналық қажеттіліктеріне жауап беру үшін уақытша аурухана құрдық, олардың тасымалы толықтай көлікпен қамтамасыз етіледі», – деп қосты ол.
Сонымен қатар Дін істері басқармасының баспасөз қызметі, телеарнасы және “Diyanet Digital” командасы да қасиетті мекенде ақпараттық қамту және байланыс жұмыстарын жүргеді.
Сауд Арабиясымен тығыз ынтымақтастық
Ербаш Сауд Арабиясына ынтымақтастық пен қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Біз Сауд Арабиясының Қажылық министрлігімен ерекше жақсы жұмыс қарым-қатынасымыз бар. Олардың қажыларға қызмет көрсетуге деген адалдығы мақтауға тұрады, мен осы дос әрі бауырлас елдегі бауырларымызға шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді ол.