Мексикада "H5N1" құс тұмауынан үш жасар қыз қайтыс болды
Денсаулық сақтау қызметкерлері баланың "A(H5N1)" вирусын жұқтырғаннан кейін мүше және тыныс алу жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын хабарлады.
Мексикада "H5N1" құс тұмауынан үш жасар қыз қайтыс болды
/ Reuters

“3 жасар қыз бала “H5N1” құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам ретінде тіркеліп, вирустан қайтыс болды”, - деп хабарлады денсаулық сақтау қызметкерлері.

1 сәуірде Ұлттық Диагностика және Эпидемиология Институты (InDRE) Дюранго штатынан бір баланың A(H5N1) вирусын жұқтырғанын растады. Ол шұғыл түрде көршілес Коахуила штатындағы мамандандырылған ауруханаға жеткізілген.

«Бүгін таңертең 3 жасар қыздың қайғылы қазасы туралы хабар алдық», – деді Коауила денсаулық сақтау хатшысы Элиуд Агирре сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Қайтыс болу себебі мүше және тыныс алу жетіспеушілігі екені анықталды. Агирре “Инфекцияның қайдан шыққаны әлі белгісіз. Билік қосымша жұқтыру жағдайларын бақылауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Әзірге вирусқа қатысты басқа жағдайлар тіркелмеген”,-деді.

Баланың туыстары мен оны емдеген медициналық қызметкерлер бақылауда. Билік 38 адамды тексеріп, барлығының нәтижелері теріс шыққанын хабарлады.

«Біз қырағылықты сақтап, жаңа жағдайлардың пайда болмауын қадағалауды жалғастырамыз. Бүгінгі күнге дейін әсіресе Коахуилада жаңа жағдайлар тіркелген жоқ», – деді Агирре.

Өткен жылы Мексика штатынан 59 жастағы ер адам “A(H5N2)” вирусынан туындаған құс тұмауынан қайтыс болған еді.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us