3 Маусым 2025
Түркияның Төтенше жағдайлар және апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, Жерорта теңізінде магнитудасы 5.8 балл болатын жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла уәлаятының Мармарис ауданы жағалауынан 10.43 шақырым қашықтықта болған.
Жер сілкінісінің тереңдігі 67.91 шақырым болғаны анықталды.
Мугла уәлаятының әкімі Идрис Акбыйык тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Акбыйык “X” әлеуметтік желісінде әзірге "жағымсыз" жағдайлар туралы хабарланбағанын, ешқандай елеулі зақым туралы ақпарат түспегенін білдірді.