ЭКОНОМИКА
3 минут оқу
Қытай Трамптың қорқытуына «соңына дейін күресеміз»  деп жауап берді
Трамптың 50%-дық қосымша салығына Бейжіңнен қатаң жауап: «Егер АҚШ өз шешімінде табанды болса, Қытай соңына дейін күреседі».
Қытай Трамптың қорқытуына «соңына дейін күресеміз»  деп жауап берді
/ AP

Қытай АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа 50 пайыздық тариф енгізу туралы қорқытуына қарсы «соңына дейін күресуге» уәде берді. Бұл шешім әлемдік нарықты одан әрі ушықтырды.

Қытайдың сауда министрлігінің өкілі сейсенбі күні жасаған мәлімдесінде «Егер АҚШ өз шешімінде табанды болса, Қытай соңына дейін күреседі. Трамптың бұл қорқытуы АҚШ-тың бопсалаушы сипатын тағы бір рет көрсетеді», -деді.

Министрлік егер АҚШ тарифтік шараларын күшейтсе, Қытай өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қарсы шаралар қабылдайтынын білдірді.  Дегенмен Қытай әлі де АҚШ-пен келісімге келуді қалайтынын және сауда соғысында жеңімпаздар болмайтынын баса айтты.

Өткен аптада Трамп әлемдік экономиканы дүр сілкіндіріп, халықаралық рецессия қаупін тудырған кең көлемді тариф енгізді. Нарықтағы құлдырауға қарамастан өзінің агрессивті сауда саясатын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Вашингтонның басты экономикалық қарсыласы Бейжің АҚШ тауарларына 34 пайыздық тариф енгізетінін мәлімдеді. Бұл әлемдегі екі ірі экономиканың арасындағы текетіресті күшейтті. Қытайдың жылдам әрекеті Трамптың жаңа ескертуіне себеп болды. Егер Қытай оның тарифтік шабуылдарына қарсы тұруды тоқтатпаса, қосымша салық енгізетінін айтты. Бұл Қытай тауарларына жалпы тарифті 104 пайызға дейін жеткізеді.

Трамп Ақ Үйде жасаған мәлімдемесінде «Мен Қытайға үлкен құрметпен қараймын, бірақ олар мұны жасай алмайды. Бұл орайда бізде мүмкіндік бар... Бұл жұмыс мен үшін мәртебе», - деді.

Ал Қытай АҚШ-тың бопсалау әрекетін айыптап, мұндай әрекетті ешқашан қабылдамайтынын мәлімдеді.

Нарықтағы дүрбелең

Трамптың тарифтері соңғы күндері нарыққа үлкен әсер етті. Дүйсенбі күні Гонконгтың «Hang Seng» индексі 13,2 пайызға құлдырады. Бұл Азия қаржылық дағдарысынан бергі ең нашар көрсеткіш болды. Сейсенбі күні бұл шығындардың бір бөлігі қалпына келді.

Уолл-стриттегі акцияларда да құбылмалылық байқалды.  «Dow Jones» және «S&P 500» индекстері де төмендеді. Соңғы күндері әлемдік нарық триллион долларға төмендеді.

Дүйсенбі күні Трамп тарифтерді тоқтатуды қарастырмайтынын тағы да атап өтті. Ол Қытаймен тарифтер бойынша кездесулерден бас тартып,  басқа елдермен келіссөздерге дайын екенін айтты.

Дүйсенбідегі ірі шығындардан кейін Қытай Халық банкі сейсенбі күні таңертең мемлекеттік қор нарықтарды тұрақтандыруға көмектесу үшін биржалық қорларды сатып алуды жалғастыратынын хабарлады.

АҚШ Жапонияға басымдық береді

АҚШ-тың Қаржы министрі Скотт Бессенттің «Fox News»-ке берген мәлімдемесі нарықты біраз жеңілдетті. Бессент тарифтерге қарсы келіссөздерде Жапонияға басымдық берілетінін айтты. Бұл басымдық Жапонияның тез әрекет еткеніне байланысты екенін атап өтті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен Америка Құрама Штаттарына импортталатын тауарларға 10 пайыздық бастапқы салық сенбі күні күшіне енген болатын. Сәрсенбіден бастап Қытай өнімдеріне 34 пайыз, ЕО өнімдеріне 20 пайыз қосымша салық салынады. 

«Көптеген ел келіссөздер жүргізуге ұмтылуда. Ұтымды келіссөздер арқылы тариф деңгейлерін төмендетеміз» - деді Бессент.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен өткен кездесуде АҚШ президенті Трамп «Тұрақты тарифтер болуы мүмкін, сондай-ақ келіссөздер де болуы мүмкін. Себебі бізге тарифтерден басқа да нәрселер қажет», - деді.

Еуроодақтың сауда министрлері дүйсенбі күні Люксембургте АҚШ-тың тарифтерін талқылау үшін жиналды. Германия мен Франция АҚШ-тың технологиялық алыптарына салық салуды ұсынды.

Франция сауда министрі Лоран Сан-Мартин «Біз тауарлар мен қызметтер бойынша ешқандай нұсқаны жоққа шығармауымыз керек. Еуропаның жан-жақты және өте агрессивті құралдары бар. Оны қолдануымыз керек», - деді.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us