Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) жасанды интеллект қосымшалары энергия қауіпсіздігі мен «CO2» эмиссиясының мақсаттары тұрғысынан жаңа қиындықтар тудыратынын мәлімдеді және дерек орталықтарының электр энергиясын тұтынуы 2030 жылға қарай екі еседен астам өсетінін жариялады.
Сонымен қатар ЖИ электр энергиясын тиімдірек өндіру және тұтыну мүмкіндіктерін ұсына алады. ХЭА жасанды интеллекттің энергияға әсері туралы алғашқы есебінде осы жайтты атап өтті. Дерек орталығы 2024 жылы жаһандық электр энергиясын тұтынудың шамамен 1,5%-ын құрады, бірақ бұл көрсеткіш соңғы бес жылда жыл сайын 12%-ға өсті.
Генеративті ЖИ көлемді дерекқорларда жинақталған ақпаратты өңдеу үшін үлкен есептеу қуатын қажет етеді. АҚШ, Еуропа және Қытай қазіргі уақытта дерек орталығын тұтынудың шамамен 85% құрайды. Ірі технологиялық компаниялар өздерінің өсіп келе жатқан энергия қажеттіліктерін аңғаруда.
«Google» өткен жылы ЖИ жарысында өз үлесін қолдау үшін шағын ядролық реакторлардан электр қуатын алу туралы келісімге қол қойды. «Microsoft» корпорациясы 1979 жылы Америкадағы ең ауыр ядролық апат орын алған Три миль аралындағы жаңа реакторлардың энергиясын пайдалануды жоспарлап отыр. «Amazon» да өткен жылы өзінің дерек орталықтары үшін ядролық энергияны пайдалану туралы келісімге келді. Бұл қарқынмен жалғасатын болса дерек орталықтары 2030 жылға қарай жаһандық энергияның шамамен 3%-ын тұтынады.
ХЭА мәліметтері бойынша 2030 жылға қарай дерек орталықтарының электр энергиясын тұтынуы шамамен 945 тераватт сағатқа (ТВт/сағ) жетеді. «Бұл бүгінгі Жапонияның жалпы электр энергиясын тұтынуынан сәл көп. Жасанды интеллект басқа да цифрлық қызметтерге сұраныстың артуымен бірге осы өсудің ең маңызды драйвері болып табылады» делінген есепте.
100 мегаваттық дерек орталығы 100 000 үй шаруашылығына жұмсалатын энергияны тұтына алады. Бірақ осы есепте қазіргі уақытта салынып жатқан жаңа дерек орталықтары екі миллион үй шаруашылығындағы энергияны тұтынуы мүмкін екені атап өтілді.
Парижде орналасқан Энергетика саясаты жөніндегі кеңесші «ЖИ келесі онжылдықта энергетика секторын түрлендіруге әлеуеті бар, бұл бүкіл әлем бойынша дерек орталықтарынан электр энергиясына сұраныстың артуына ықпал етеді, сонымен қатар шығынды төмендетуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және шығарындыларды азайтуға айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынады», - деді.
Жасанды интеллект саласында Қытайдан озып кетуді мақсат еткен АҚШ президенті Дональд Трамп электр қуатын өндіруді арттыратын «Ұлттық энергетикалық егемендік кеңесін» құру туралы бастама көтерді.
Қазіргі уақытта көмір дерек орталықтарын іске қосу үшін қажетті энергияның шамамен 30% қамтамасыз етеді, бірақ жаңартылатын қуат көздері мен табиғи газ олардың құнының төмендеуіне және негізгі нарықтарда кеңірек қолжетімділігіне байланысты үлесін арттырады.
Дерек орталықтарының өсуі электр энергиясын тұтынуға байланысты көміртегі шығарындыларын сөзсіз арттырады. Бұл шығындылар 2035 жылға қарай 180 миллион тонна «СО2»-ден 300 миллион тоннаға дейін өседі. Бірақ 2024 жылы болжанған 41,6 миллиард тонна жаһандық шығарындылардың шағын үлесі болып қалады береді.