Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің деректеріне сілтеме жасаған Халықаралық көші-қон ұйымы Газадағы үйлердің 90 пайыздан астамының қирағанын немесе зақымданғанын хабарлады. Израиль шабуылдары палестиналықтарды гуманитарлық апатқа ұшыратуда.
«Қауіпсіз жер болмағандықтан, отбасылар қауіпті үйінділерді паналауға мәжбүр», - деді ұйым «X» платформасындағы жазбасында. «Халықаралық көші-қон ұйымы баспанаға көмек көрсетуге дайын, шекара өткелдері ҚАЗІР ашылуы керек», - деп үндеу жасады.
Израиль соғыс жүріп жатқан аймақтағы ашаршылық туралы хабарларға қарамастан 2 наурызда Газаға кіру нүктелерін жауып, негізгі қажеттіліктердің аймаққа кіруіне жол бермеді.
19 қаңтарда жасалған атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісімін бұзған Израиль 18 наурызда Газаға шабуылдарын қайта бастаған болатын.
Израиль осы уақытқа дейін 51 300-ден астам палестиналықты өлтірді. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Кейін бұл көрсеткіш 62 мыңға шықты. Сонымен қатар Тель-Авив блокададағы аймақтың бүкіл халқын ығыстырып, аймақтың көп бөлігін қирандыға айналдырды.
Өткен қарашада Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алуға ордер берген болатын.
Израиль Газадағы соғысы үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келіп отыр.