АҚШ-тың демократиялық депутаттары Президент Дональд Трамп әкімшілігінен Ресей тарапынан «ұрланған» мыңдаған украиналық баланы бақылауға көмектесетін бағдарламаны қалпына келтіруге және құқық бұзушылыққа жауаптыларды жазалау үшін санкциялар енгізуге шақырды.
«Президент әкімшілігі АҚШ үкіметінің көптеген бағдарламасы мен шетелдік көмектерді қысқартып, Йель университетінің гуманитарлық зертханасы (Yale HRL) тарапынан жүргізілген Украинадан балалардың жаппай депортациясын бақылауға арналған үкімет қаржыландырған бастаманы тоқтатты», - деп мәлімдеді депутаттар.
Бұл шешім зерттеушілердің шамамен 30,000 украиналық бала туралы спутниктік суреттер мен басқа да мәліметтерді қамтитын ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін жойды.
«Деректер қоймасындағы ақпарат біржола жойылды деп айтуға негіз бар. Егер бұл рас болса, оның салдары өте ауыр болмақ», - деді Огайо өкілі Грег Ландсман бастаған демократиялық партияның депуттаттары Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Қазынашылық хатшысы Скотт Бессентке жазған хатында. Хат сәрсенбі күні жіберіледі деп күтілуде.
Трамптың бағдарламаны тоқтатуы және хат туралы ақпараты алғаш рет «The Washington Post» газетінде жарияланды. Бұл жаңалық Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келуден бас тартқан күні жарияланды.
Мемлекеттік және Қазынашылық департаменттері сұрақтарға бірден жауап берген жоқ. Бақылау бағдарламасынан хабардар бірінің айтуынша, Мемлекеттік департаменттің «Yale HRL»-мен келісім-шартының күшін жоюы Путинді қорғайтын 26 миллион долларлық соғыс қылмыстары туралы айғақтардың жойылуына әкелген.
«Олар соғыс қылмыстары туралы деректерге жұмсалған АҚШ салық төлеушілерінің 26 миллион долларын жойып жіберді, оның ішінде балалар туралы барлық мәлімет бар. Путинді қудалаудан қорғау үшін бұл мәліметтерді жою керек еді. Олар дәл солай жасады. Бұл барлық метадеректерімен бірге сотта қолдануға болатын соңғы нұсқа еді», – деді бақылау бағдарламасынан хабардар кісі.
Өрескел заң бұзушылықтар
Өкілдер палатасының мүшелері жазған хатта Трамп әкімшілігінен балаларды көшіруге қатысы бар Ресей мен оның одақтасы Беларусь билігін жазаландыру үшін санкциялар енгізуді талап етті.
«Халықаралық құқық аясында балалардың құқығы өрескел және ашық бұзылғандықтан жазасыз қалмауы тиіс», - делінген хатта.
Сондай-ақ хатта «Yale HRL»-дің ұрланған балалардың қозғалысын бақылау үшін қажетті спутниктік суреттерге қол жеткізе алмайтыны айтылған.
Депуттардың хатында «Біздің үкімет балаларды құтқару мақсатында Украинаға қару-жарақ немесе қолма-қол ақша беруді қажет етпейтін маңызды қызмет көрсетуде. Біз бұл балаларды Украинаға қайтару үшін жұмысымызды жалғастыруымыз керек», - делінген. Украина Ресейге немесе Ресей басып алған аумақтарға отбасы немесе қамқоршылардың келісімінсіз әкетілген ондаған мың баланың «ұрлануын» БҰҰ келісімі анықтамасына сәйкес геноцид негізінде соғыс қылмысы деп атады.
Ресей адамдарды ерікті түрде эвакуациялап, соғыс аймағынан қорғансыз балаларды қорғау үшін әрекет етіп жатқанын мәлімдеді.
2023 жылдың наурыз айында Халықаралық қылмыстық сот украиналық балаларды ұрлауға байланысты Львова-Белова мен Путинді қамауға алу туралы ордер шығарды. Ресей бұл бұйрықты «қорлайтын және қабылданбайтын бұйрық» деп сипаттады.
Еуропаның қылмыстық ынтымақтастық агенттігі «Eurojust» өкілі сейсенбі күні Вашингтонның Украинаға қарсы агрессия қылмысын қудалау халықаралық орталығына қолдауын тоқтатқанын хабарлады. Бұл орталық Путинді және басқаларды қудалау үшін дәлел жинаумен айналысатын еді.
Вашингтон сейсенбі күні Путинді қудалау үшін дәлелдер жинайтын Украинаға қарсы агрессия қылмысын қудалау жөніндегі халықаралық орталыққа қолдау көрсетуді тоқтатқанын хабарлады.
«Eurojust»-тағы АҚШ-тың арнайы прокуроры Джессика Ким қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты қызметінен кетеді.