Ван Холлен дүйсенбі күні “X” платформасында жариялаған видеомәлімдемесінде:
"Марко Рубио қазірде сыртқы саясатпен аса белсенді айналыспайды, бірақ АҚШ-тағы шетелдік студенттерді, тіпті грин-карт иелерін де конституциялық құқықтарын пайдаланғаны үшін нысанаға алып, қудалаушы адамға айналды", – деді.
Бұл мәлімдеме бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңалықтардан кейін жасалды. Ол хабарларда Массачусетс штатындағы Тафтс университетінде докторантурада оқитын Румейса Өзтүрктiң антисемиттік әрекеттерге қатысы немесе қандай да бір террористік ұйымды қолдағаны жөнінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің ешбір дәлел таппағаны айтылған.
Ван Холлен: "Бүгін “Washington Post” газетінде жарияланған мақалада Мемлекеттік департаменттің ішкі жазбаларында Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Румейса Өзтүрктің АҚШ сыртқы саясатына зиян келтіргені немесе антисемиттік әрекеттерге қатысқаны туралы ешқандай негіз жоқ екені анық көрсетілген. Соған қарамастан Марко Рубио бұл айыптауларды жұрт алдында айтуын жалғастыруда. Бұл – үлкен жалғанның айғағы."- деп қосты.
“Washington Post” газетіне берген сұхбатында аты-жөні аталмаған дереккөздердің айтуынша, Рубионың Румейса Өзтүрктің визасын сыртқы саяси мүдделерге сілтеме жасап жоюына жеткілікті негіз жоқ екені көрсетілген жазба табылған.
Бала және адам дамуы мамандығы бойынша докторантура студенті Румейса Өзтүрк Массачусетстегі Сомервилл қаласындағы үйінің алдында бетперде киген АҚШ Көші-қон және кеден бақылау агенттері тарапынан тұтқындалған.
Оның тұтқындалуы — 2024 жылдың наурызында “The Tufts Daily” студенттік газетінде жарияланған және Газадағы Израильдің қатыгез шабуылын сынаған мақаланың бірлескен авторы ретінде қол қоюынан кейін, Израильді қолдайтын “Canary Mission” сайтының Румейса Өзтүркті нысанаға алуынан соң болған. Бұл шабуылдар кезінде 51 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан еді.
Ван Холлен:"Марко Рубиоға үндеу тастаймын: әлсіз студенттерді нысанаға алуды қашан доғарасыз? Неліктен Сенаттың Сыртқы істер комитетінде есеп бермейсіз? Сенатор болып бекітілгелі бері бір рет те есеп берген жоқсыз."- деп мәлімдеді.
Сенатор Дональд Трамптың Газадан 2 миллион палестиналықты шығару жоспарын “жиркенішті” деп атады.
"Егер АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы немесе Нетаньяху үкіметіне қатысты ұстаным туралы пікір айтқыңыз келсе, Сыртқы істер комитетіне келіңіз, студенттерді қудалауды доғарыңыз," – деді ол.
Вермонт штатындағы АҚШ федералдық судьясы дүйсенбі күні Румейса Өзтүрктің босатылуы немесе тұтқындалуына қарсылық бойынша сот тыңдалымы мамыр айында өтіп өтпеуін қарап жатқанын хабарлады.