ЭКОНОМИКА
3 минут оқу
Қытай АҚШ-пен тарифтік келіссөздер жүргізіп жатқанын жоққа шығарды
Есептерге қарағанда Қытай АҚШ-тан импортталатын кейбір өнімдерге қолданылуы мүмкін жеңілдіктер бойынша үнсіз жұмыс істеп жатыр. Бұл Пекин мен Вашингтонның сауда соғысын тежеуге дайын екендігінің белгісі.
Қытай АҚШ-пен тарифтік келіссөздер жүргізіп жатқанын жоққа шығарды
/ Reuters
25 Сәуір 2025

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі жұма күні дәл қазір АҚШ-пен тарифтер бойынша ешқандай келіссөз немесе консультация жүргізілмегенін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Қытайдың кейбір америкалық импорттарға шектеулі жеңілдіктер енгізуді қарастырып жатқаны туралы хабарламалар аясында жасалды.

Жұма күнгі баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа жауап берген Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Го Цзякун АҚШ тауарларына тарифтерді жеңілдету жоспары туралы нақты білмейтінін айтты. Ол Қытай мен АҚШ арасында тарифтерге қатысты ешқандай талқылау жүргізілмегенін атап өтті.

Бірақ «Reuters» агенттігінің мәліметінше Қытай кейбір америкалық импорттарға 125 пайыздық жауапты тарифтерден босату мүмкіндігін беріп, компаниялардан қосымша тауарларды анықтауды сұраған. Бұл қадам әлемдегі ең ірі екі экономиканың сауда соғысын бәсеңдетуге дайын екендігінің айқын белгісі ретінде қарастырылуда.

Ресми өзгерістер жарияланбаса да, ішкі талқылаулар Қытайдың кейбір салаларға бағытталған жеңілдіктерді қарастырып жатқанын көрсетеді. Бұл жаңалық Вашингтонның жұмсарған сигналдары аясында пайда болып, Гонконг пен Жапониядағы қор нарығын көтерді. Ал АҚШ доллары қарама-қарсы бағытта әрекет етті.

Қытайдың Сауда министрлігіне қарасты жұмыс тобы өнеркәсіп өкілдерінен ұсыныстар жинап, америкалық өнімдердің тізімін сұрағаны туралы ақпарат бар.

«Қытай үкіметі біздің компаниялардан АҚШ-тан Қытайға әкелінетін және басқа жерден табылмайтын тауарлар туралы және бұл өнімдердің жеткізу тізбегіне қалай әсер ететінін сұрайды», – деді Қытайдағы америкалық сауда палатасының президенті Майкл Харт. Харттың айтуынша АҚШ-тың іскерлік тобындағы кейбір компаниялар өткен аптада олар импорттаған тауарларға жаңа тарифтер қолданбаған.

Француз әуе қозғалтқыштарын өндіруші «Safran» компаниясының бас директоры Қытайдың аэроғарыштық жабдықтардың кейбір бөлшектеріне, соның ішінде қозғалтқыштар мен қону жабдықтарына тарифтік жеңілдіктері туралы кеше түнде хабардар болғандарын мәлімдеді.

Қытайдың Сауда министрлігі бейсенбі күні 80-нен астам шетелдік компания мен сауда палатасымен кездесу өткізіп, АҚШ тарифтерінің инвестиция мен шетелдік компаниялардың жұмысына әсерін талқылады.

Қарастырылып жатқан тарифтік жеңілдіктер Қытайдағы дәрі-дәрмек өндірушілерден бастап әуе компанияларына дейінгі кәсіпорындарға шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жартылай өткізгіштерден бастап мұнай-химия өнімдеріне дейінгі тауарлардың импортына қысымды төмендетуі мүмкін.

Еуропалық сауда палатасы да тарифтік жеңілдіктер мәселесін көтеріп, жауап күтіп отырғанын мәлімдеді. «Мүшелеріміздің көпшілігі АҚШ-тан әкелінетін маңызды компоненттерге салынған тарифтерден қатты зардап шегуде», – деді Палата президенті Йенс Эскелунд.

Әлеуметтік желілер мен бизнес топтары арасында 131 өнім санатының тізімі таралуда. Бірақ «Reuters» вакциналар мен химиялық заттардан бастап реактивті қозғалтқыштарға дейінгі тауарлар енгізілген бұл тізімді растай алмады.

«Huatai Securities»-дің мәліметінше бұл тізім өткен жылы Қытайға 45 миллиард доллар көлемінде импортталған тауарларға сәйкес келеді. Қытайдың кеден агенттігі мен Сауда министрлігі бұл туралы түсініктеме беруден бас тартты.

Вашингтон Қытаймен сауда қақтығысының экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін мәлімдеп, кейбір электрондық тауарларға тарифтік жеңілдіктер ұсынған болатын. Алайда Қытай АҚШ-тың 145 пайыздық тарифтерін жоймайынша соңына дейін күресуге дайын екенін бірнеше рет атап өтті.

Қытай экономикасы сауда соғысына жұмыссыздықтың өсуі, дефляциялық қысым және сатылмаған экспорт ішкі нарықты құлдыратады деген алаңдаушылықпен кірді.

2024 жылы Қытай 1 триллион долларлық сауда профицитіне ие болса да, АҚШ-тан пластик жасауға қажетті этан және кейбір дәрі-дәрмектер сияқты маңызды импорттарға тәуелді.

Қытай үкіметінің деректері бойынша «AstraZeneca» және «GSK» сияқты ірі фармацевтикалық компаниялардың Қытайда сатылатын дәрі-дәрмектерді шығаратын АҚШ-та кем дегенде бір зауыты бар.

Этан өңдеушілер АҚШ жалғыз жеткізуші болғандықтан Бейжіңнен тарифтерден босатуды сұрады.

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us