САЯСАТ
1 минут оқу
Путин: “АҚШ-тан ұлттық мүдделерге құрмет көрсетуін күтеміз”
АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы бітімге қол жеткізу мақсатында Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын.
Путин: “АҚШ-тан ұлттық мүдделерге құрмет көрсетуін күтеміз”
/ AFP
4 сағат бұрын

Осы аяда Ресей президенті Путин жексенбі күні мәлімдеме жасап, Ресейдің АҚШ-қа көрсетіп отырған құрметі секілді АҚШ-тың да Ресейдің ұлттық мүдделеріне құрметпен қарауын күтетінін айтты.

Путин бұл пікірін ресейлік журналист Павел Зарубинмен жүргізген сұхбатында білдірді. Сұхбаттың бір бөлігі “Telegram” платформасында жарияланған. Ол былай деді:
«Америкалықтар, АҚШ халқы және елдің басшылығы, соның ішінде президент те өз ұлттық мүдделерін көздейді. Біз бұған құрметпен қараймыз. Бізге де сондай кұрмет танытылуы керек деп есептейміз.»

Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Трамптың дүйсенбі күні Ресей мен Украина басшыларымен бітім туралы келіссөздер өткізуге ниетті екенін жариялауынан кейін жасалды.

Трамптың бұл бастамасы Түркияның арағайындық етуімен Стамбулда өткен Ресей мен Украина арасындағы жоғары деңгейдегі бейбіт келіссөздерден соң жарияланды. Аталған кездесу барысында тараптар 1 000 соғыс тұтқынын өзара алмастыруға және бітім туралы келіссөздерді жалғастыруға келісті.

Путин Ресей «арнайы әскери операция» деп атаған Украинадағы қақтығысты Ресейдің жоспарланған нәтижемен аяқтай алатын әлеуетке ие екенін айтты.

«Бұл нәтиже – осы дағдарысты туындатқан себептердің жойылуы, ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшіліктің орнауы, әрі Ресей мемлекетінің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі» – деді Путин.

Сондай-ақ ол қақтығыс мақсаттарының бірі ретінде осы аймақтарда тұрып жатқан, ана тілі орыс тілі болып табылатын және Ресейді өз отаны деп есептейтін адамдардың мүдделерін қорғау екенін білдірді.

 

 

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us