ЭКОНОМИКА
2 минут оқу
Калифорния Трамптың тарифтеріне қарсы сотқа жүгінген алғашқы штат болды
АҚШ-тың Калифорния штаты Президент Дональд Трамптың кеден тарифтері саясатына қарсы сотқа жүгінген алғашқы штат атанды.
Калифорния Трамптың тарифтеріне қарсы сотқа жүгінген алғашқы штат болды
/ Reuters

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом сәрсенбі күні федералды сотқа Трамптың Конгрестің мақұлдауынсыз кедендік тарифтер енгізу үшін Халықаралық экономикалық төтенше жағдайлар туралы заңды пайдаланғанына қарсы шағым түсіргенін хабарлады.

«Бүгін Калифорния штаты атынан Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа жүгінгенімізді жариялаймын», – деді Ньюсом бейнежазбасында. Ол Трамп әкімшілігінің кеден тарифтерін біржақты тәртіппен енгізуі Калифорнияға ерекше ауыртпалық түсіретінін айтты. «Калифорния — елдің ең ірі өндірістік штаты және жаһандық сауданың ең белсенді қатысушыларының бірі. Бұл тариф саясатына байланысты ешбір штат Калифорния сияқты зардап шекпейді», – деді ол.

Ньюсом бұл шешімді «ел тарихындағы ең үлкен қателік» деп атап, «қазіргі американдық тарихтағы өзін-өзі жоюдың ең қауіпті қадамдарының бірі» деп бағалады.

40 миллион халқы және АҚШ жалпы ішкі өнімінің 14 пайызын қамтамасыз ететін ашық әрі дамыған экономикасы бар Калифорния соңғы сауда шиеленістерінің салдарын ең қатты сезінуі мүмкін. Ньюсом әкімшілігінің мәлімдеуінше, егер Калифорния тәуелсіз мемлекет болса, ол әлемдегі бесінші ірі экономика болар еді. Алайда Трамптың тарифтік саясаты халықаралық сауданы шектесе, штат миллиардтаған доллар кірістен айырылуы мүмкін.

«Өкілеттік жоқ»

Калифорния штатының шағымында АҚШ Конституциясы кеден салығын енгізу құқығын Конгреске беретіндігі, ал Трамп сілтеме жасаған Халықаралық экономикалық төтенше жағдайлар туралы заңның президентке АҚШ-қа әкелінетін барлық тауарларға өз қалауынша тариф салу құқығын бермейтіні нақты көрсетілген.

«Президент Трамптың тариф саясаты қазірдің өзінде экономикаға теріс әсерін тигізіп отыр: биржа мен облигация нарықтарында дүрбелең туындап, нарық құнынан жүздеген миллиард доллар небәрі бірнеше сағат ішінде жойылды. Бұл маңызды президенттік шешім ешқандай алдын ала ескерту немесе ресми рәсімсіз қабылданып, инвестицияны тежеді және елді рецессия қаупіне итермелеп отыр», – делінген шағымда.

Шағымда АҚШ-тың ең ірі импорттаушысы және әлемнің бесінші ірі экономикасы болып саналатын Калифорния кедендік тарифтердің «диспропорционалды шығынын» көтеріп отырғаны да атап өтілген.

Ақ Үйдің өкілі Куш Десай сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, губернатор Ньюсомға кедендік тарифтермен күресудің орнына штатындағы қылмыс, баспана тапшығы және қымбатшылықпен күресуге кеңес берді.

«Трамп әкімшілігі Америка өндірісін құрдымға жіберген және жұмысшыларымызды ескерусіз қалдырған бұл ұлттық дағдарысты кедендік тарифтерден бастап, қолдан келетін барлық құралмен шешуге бел буып отыр», – деді Десай.

Қазіргі таңда Трамп әкімшілігі осыған ұқсас үш сот ісімен бетпе-бет келіп отыр. “Liberty Justice Center” атты бизнес мүдделерін қорғайтын ұйым Нью-Йорктегі Халықаралық сауда сотында барлық кеден тарифтерін тоқтатуға бағытталған шағым түсірді. Сонымен қатар Флоридадағы бір шағын бизнес иесі Қытайға қатысты кеден тарифтеріне қарсы сотқа жүгінді. Ал Монтанада Канададағы Альберта аймағына және Монтанаға жайылған “Blackfeet” тайпасы мүшелері Канадаға салынған кеден салығына қарсы сот ісін қозғады.

 

Іздеу
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері күшейіп, кең аумақтар жанып жатыр
Израильде әлеуметтік тұрғыда оқшауланған еврейлерді Иран қалай тыңшы ретінде тартты?
Қытайдың Африкадағы ықпалын бұзу күресінде Вашингтон қалай жеңілді?
2024: Газа, Украина және басқа аймақтардағы қақтығыстар жылы
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Израильдің негізін қалаған сионистік лаңкестікке көзқарас
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Газада бітім: Әлсіз үміт
Израильдің геноцидтік соғысы мұсылмандардан кейін христиандарды да жалмауда
Голан жоталарының маңыздылығы және Израильдің бақылауға алу әрекеттері
Путин: «Егер Украина батыстан ядролық қару алса, Ресей қарудың барлық түрін пайдаланады»
Германия экономикасы неліктен құлдырауда?
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
«Өлгім келді»: Асад түрмелерінен аман қалған тұтқын түрмедегі азаптауларды баяндады
Стармер Блэр дәуіріндегі саясатты жаңғыртып, Палестина тақырыбында британдықтардға опасыздық жасауда
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us